Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Шылымнан келер кесел көп

08.06.2023

496 0

Жасөспірімдердің темекі щегуі қазіргі уақытта маңызды мәселенің бірі. Мектеп оқушылары арасында да электронды темекі шегу сәнге айналуда. Вейптар мен электрондык темекілер кәмелетке толмаган жастар үшін қауіпті. Темекінің кұрамында никотин болад. Сондықтан ағзаға теріс әсері бар.

Жасөспірімдер темекі шегудің денсаулыққа зиянды екені нен жеткілікті дәрежеде кұлағдар екенін білеміз.

Темекі шегу мүгедектікке апаруы мумкін. Десе де,балалар мен жасөпірімдер арасындағы темекі шегу белең алуда, бұл өзекті мәселе.

Шылымның сапасы негұрлым төмен болған сайын, соғұрлым оның құрамында никотин көп болатынын айтады. Ал никотин темекінің түтініндегі өте улы зат. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін де жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, куйе болады. Шылымның күніне 20-сын тартқан адам 90 мл г никотин жұтады екен. Сондай-ақ темекі-есірткі болып саналады. Себебі темекі жапырағында танин, желім, шайыр,крахмал және алколоидер бар.Оның түтінінде 30-дан астам улы заттарға никотин, көмір газы, көміртек тотығы,көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқыл бар.Темекіден ауаға жылына 120 мың тонна күкірт қышқылы,384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың темекі майы,550 мың тоннадай иісті газ шығады екен.Өкініштісі жыл сайын дүние жүзінде темекі шегу салдарынан 4 млн адам кайтыс болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекіге әуес болса, Қазақстанда 5 миллионға жуық адам темекі шегеді. Статистика жан шошытады. Ендеше өз өмірімізге балта шаппай темекіден аулак жүрейік.

Аяжан МАХАМБЕТӘЛІ,

Қоркыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: