Сейсенбі, 23 сәуiр, 21:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық құрылыс салушыларға қатысты талаптарды күшейту ұсынылды

01.08.2022

796 0

Индустрия министрлігі құрылыс салушыларға қатысты талаптарды күшейтуді ұсынды. Атамекен ұлттық палатасында бұл бастамаға қарсылық көрсетіп үлгергендер бар. Бұл монополия мен коррупцияға әкеледі дейді онда. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Индустрия министрлігі құрылыс салушыларға лицензия беру кезінде меншікті құрылыс техникасының болуына байланысты қаталдандыру жоспарланып жатқанын хабарлады. Конкурстардан 1 млрд теңгеге дейінгі орта және кіші нысандар бойынша орта және ірі бизнесті алып тастау ұсынылды. Бұл реформалар аясында мемлекеттік тапсырыс бойынша келісілмеген сот мердігерлері қатыстырылған жағдайда келісімшарт бұзылады. Сондай-ақ келісімшарттардың құрылыс-монтаж жұмыстары және техникалық қадағалау бойынша шекті сомасын тағайындау да бұған кіреді.

Бұл салынып жатқан тұрғын үй сапасына қалай әсер ететіні жайлы Құрылыс салушылардың ассоциациясы президенті Виктор Микрюков айтты

“Министрлік бастамасы монополияны азайтуға бағытталуы керек еді. Бірақ нарықта оның бар-жоғын анықтайтын сараптама жасалған да жоқ. Бұдан бөлек, министрлік пайдаланғалы жатқан әдіс-тәсілдер түсініксіз. Моноплияны жою үшін барлық құрылысшыларды өздерінің құрылыс техникасын алдыруға мәжбүрлеу керек. Ал жалға берілетін техникамен жұмыс істейтін кіші компаниялар нарықтан шығып қалады не бұл техниканы сатып алуға қыруар қаражат жұмсайтын болады. Қазір кішкентай компаниялар жалға алу арқылы жұмыс істейді”, – Виктор Микрюков.

Нәтижесінде бизнес іріленуі керек болады, ірі бизнес субъектілері көбейе түседі. Ал кіші компаниялар не нарықтан кетеді, не басқа салаға ауысуға мәжбүр болады дейді маман.

“Мемлекет қазірдің өзінде үй салушылар жұмысындағы тәртіпті реттеу үшін бірқатар фунцияларды қолданады, оның ішінде сақтандыру, банк кепілі бар. Мерзімге сай келу үшін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың үлгілік нұсқасы әзірленді. Бұл нақты құжат әрі мемлекеттің барлық тәуекелін қарастырады. Бұл реттеу шарасының не үшін енгізіліп жатқаны түсініксіз”, – деп түйіндеді ойын сарапшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: