Дүйсенбі, 14 шiлде, 04:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Темір жол нысандары жаңғыртылып жатыр

13.07.2025

56 0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында темір жол бағытындағы вокзалдар мен қызмет көрсету бекеттерін жаңарту жұмыстары басталды. Бұл шаралар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында көлік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында қолға алынған. 

Өңірде жолаушыларға сапалы, қауіпсіз және заманауи стандарттарға сай қызмет көрсету бағытында нақты жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов мәлімдеді.

– 2023 жылы Қызылорда қаласындағы темір жол вокзалы мен оның аумағы күрделі жөндеуден өтіп, абаттандырылды. Бұл жұмыстар өз жалғасын өңірдегі Жаңақорған, Шиелі, Жосалы, Төретам, Қазалы, Арал және Сексеуіл станцияларында тапты. Бүгінде аталған 7 вокзалда ішкі демонтаж жұмыстары басталып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Тереңөзек пен Жалағаштағы қызмет көрсету пункттерін кеңейту немесе жаңа заманауи нысан салу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағыттағы жобаларды іске асыруға тәжірибелі мердігер, жобалаушы және техникалық қадағалаушы ұйымдар тартылған. Темір жол нысандарын жаңғырту – тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мен өңірлік көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадам, – деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: