Сенбі, 04 мамыр, 17:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

31 шілдеге арналған жұлдыз жорамал

31.07.2023

327 0

Жұлдыз жорамалы бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Біздің жұлдыз жорамалымызға сүйене отырып, сіз жұмыс жоспарыңызды тиімдірек құра аласыз, жеке қарым-қатынастарыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Жұлдыз жорамал: Тоқтыларды бүгін не күтіп тұр? Тері күтіміне арналған өнімдерді сатып алудан қорықпаңыз. Өнім туралы пікірлермен танысып, сұлулық пен теріңіздің денсаулығына тиімді инвестиция жасаңыз. Қандай да бір мәселеге қатысты күмәніңіз болса, достарыңыздан кеңес сұраңыз, сіз міндетті түрде мәселенің шешімін табасыз.

Жұлдыз жорамал: Торпақтарды бүгін не күтіп тұр? Жақсы адамдармен танысыңыз. Бүгін қарым-қатынас жасау оңай. Ескі және жаңа достармен кездесетін, сөйлесетін және шынайы әңгімелесуге арналған күн. Құпияларыңызды бөлісіңіз.

Жұлдыз жорамал: Егіздерді бүгін не күтіп тұр? Барлық қаржыға қатысты мәселеңіз шешімін табады, бұл кірісті арттыруға көмектеседі. Жаңа кәсіппен айналыспаңыз, ұсақ-түйектерге мұқият болыңыз. Бүгін психикалық мәселелеріңізді өз бетіңізше шешуге тырысыңыз: сіз тым сезімталсыз, ал достарыңыз сізге қажетті деңгейде қолдау көрсете алмайды, қолдау төмен болса, сізге пайдасы шамалы.

Жұлдыз жорамал: Шаяндарды бүгін не күтіп тұр? Достарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Мазаңыз болмай жүрсе, оларға барлығын ашық айтыңыз. Бірақ оларға да өзіңіз қолдау көрсетуге дайын болыңыз. Сіз қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін шыдамды болуыңыз керек. Алда сізді айтарлықтай белеске жеткізетін күн бар. Асықпаңыз, әйтпесе қателікке ұрынуыңыз әбден мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Арыстандарды бүгін не күтіп тұр? Косметика дүкеніндегі кеңесшіден көмек сұраудан тартынбаңыз: сіз үшін ең жақсы өнімді табу – оның жұмысы. Ал сіз сұлулығыңызды арттыратын өнімге тек риза боласыз. Үй шаруасын ертеңге қалдырмай, бүгін тындырып тастаңыз, себебі алдағы уақытта сізді бұдан да жағымды тірліктер күтіп тұр.

Жұлдыз жорамал: Бикештерді бүгін не күтіп тұр? Бұл күні жаңа таныстар табуға тырысыңыз, іскерлік келіссөздер жүргізіңіз, әлеуетті серіктестермен танысыңыз. Идеяларыңызды жүзеге асыруға көмектесетін жандардың қызығушылығын оятуға тырысыңыз. Кешке достарыңызбен кездесуді жоспарламаңыз, бүгін жұмыстан кеш шығуыңызға тура келуі мүмкін.

Жұлдыз жорамал: Таразыларды бүгін не күтіп тұр? Шабытқа ерік беріңіз – қолөнерді үйреніңіз (кесте тігу, тоқу, мүсіндеу). Ескі жамылғылардан құтылыңыз. Орнына әдемісін әрі сапалысын алыңыз. Осылайша сіз күнде жақсы көңіл-күймен оянатын боласыз.

Жұлдыз жорамал: Сарышаяндарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс күніңізді мамандығыңызға қатысты жаңалықтарды оқудан бастауға тырысыңыз. Сізге кәсіби біліміңізді сақтаудың және жаңартудың осындай оңай жолы ұнауы мүмкін. Кафеге немесе мейрамханаға бару үшін сылтау іздемеңіз, өмір тым қысқа, өзіңізді қуантуға себеп іздемеңіз.

Жұлдыз жорамал: Мергендерді бүгін не күтіп тұр? Көңіл көтеру, бос уақытты қызықты өткізу тәсілі ретінде үстел ойындарына назар аударыңыз: бұл достарыңызбен және отбасыңызбен уақытты қызықты өткізуге көмектеседі. Жаман әдеттерден арылып, салауатты өмір салтына көшуге қолайлы күн.

Жұлдыз жорамал: Тауешкілерді бүгін не күтіп тұр? Дене бітіміңізге қарым-қатынасыңызды қайта қарастырыңыз: сіз өзіңізді көбірек жақсы көруіңіз керек. Егер өзіңіз әсер ете алмайтын жайтқа алаңдасаңыз – аз да болса қайырымдылық жасаңыз, сонда сіз өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.

Жұлдыз жорамал: Суқұйғыштарды бүгін не күтіп тұр? Жұмыс тапсырмасын өз бетіңізше орындай алмасаңыз, әріптестеріңізден көмек сұраңыз. Бұл – барлығын өзіңіз жасауға тырысып, қателіктерге бой алдырып, оны қайта жасағаннан жақсы. Қарым-қатынасты бұзбау үшін туыстарыңызбен жанжалдаспаңыз. Бірге демалып, уақытты қызықты етіп өткізген дұрыс.

Жұлдыз жорамал: Балықтарды бүгін не күтіп тұр? Егер сіздің сыртқы түріңіздегі ықтимал өзгерістерге күмәніңіз болса – достарыңызбен кеңесіңіз. Олар сізге жақсы кеңес береді және шешім қабылдауға көмектеседі. Бүгін еш себепсіз сәндену үшін тамаша күн, жай ғана көңіл-күйіңізді көтеру және айналаңызды өзіңізге тәнті қылу үшін оңтайлы күн.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: