Жексенбі, 18 мамыр, 19:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36,2149
17.05.2025
PDF мұрағаты

Ұшқыш әуеде есінен танып, ұшақ 10 минут басқарусыз қалған

18.05.2025

83 0

Фото: pixabay.com

Lufthansa әуе компаниясының Франкфурттан Севильяға бағыт алған рейсі кезінде Airbus A321 ұшағы шамамен он минут бойы есін жоғалтқан ұшқыштың бақылауында ұшқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Испанияның авиациялық оқиғаларды тергейтін комиссиясының мәліметінше, оқиға 10 700 метр биіктікте болған.

Ұшақ командирі (капитан) әжетханаға шығу үшін кабинадан шыққан сәтте, екінші ұшқыш кенеттен есінен танып қалған. Болжам бойынша, бұл жағдай ұстама (приступ) салдарынан болған. Автопилот бағытты ұстауды жалғастырғанымен, ес-түссіз жатқан ұшқыштың дене қалпы салдарынан ұшақ сәл ауытқып кеткен.

Ал капитан әжетханадан келіп, кабинаға қайта оралғанда кабина есігі құлыпталып, кіру коды жұмыс істемей қалған. Себебі ішіндегі екінші ұшқыш рұқсатты растай алмаған.

Сегіз минуттан кейін екінші ұшқыш есін жиып, есікті қолмен ашқан. Капитан дереу басқаруды өз қолына алып, әріптесінің бозарып, терлеп, жайсыз сезінгенін көріп, дереу Мадридке шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Қонғаннан кейін екінші ұшқышты дәрігерлер тексеруге алған.

Тергеу есебінде ұшқыштың есінен тануына бұрын анықталмаған неврологиялық ауру себеп болғаны жазылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: