Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл баласының білімі қандай?

01.06.2021

1945 0

Заңғар жазушы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім болмақ». Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Мұғалімдер мен оқушылардың біліктілігін көтеруді жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары жүйелі жолға қойылып келеді. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де жақсы болуына жағдай жасалуда. Біз сөз еткелі отырған білім ордасы қаладан қырық шақырым жерде орналасқан №39 «Қызылөзек» орта мектебі. Бұл мектеп білім сапасын арттыруды жолға қоюды басты мақсат етіп келеді. Себебі білім мен ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі, сапалы білім жарқын болашағымыздың кепілі екендігі айқын.

Ауыл баласының білімі қандай?

– Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін уақыт. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Бүгінгі мектеп табалдырығын алғаш аттаған еліміздің ең жас азаматтарына білімге ғажайып жол ашылуда, – дейді мектеп директоры Жеңісбек Құлғазиев.

Ауыл баласының білімі қандай?

Өткенге сәл шегініс

№39 «Қызылөзек» орта мектебі «Айнакөл», «Қызылөзек», «Жаңарық» атты шағын колхоз­дардың халқын сауаттандыру мақсатында 1926 жылы Қараөзек станциясында ашылды. Ауылда ашылған білім ордасында алғаш директор болып Дүйсен Жұқабаев жұмыс істеді. Бүгінгі күнге дейін бұл қара шаңырақтан Қазақстанға белгілі ғалымдар, журналистер, өнер мен мәдениет қайраткерлері, белгілі еңбек озаттары шықты.

Бүгінгі білім ордасының зәулім ғимаратын 1996 жылы «Харикейн Құмкөл Мұнай» АҚ салып берген. Содан бері сыны да, сыры да кетпеген білім шаңыраты өз биігін байқатып келеді. Киелі шаңырақты 2016 жылдан бастап білікті басшы, жас болса да көшбасшы бола білетін Жеңісбек Құлғазиев басқарып келеді. Жеңісбек Райысбекұлының жас болса да бұл білім саласына сіңірген еңбегі аз емес. Қолына диплом алып арман қуып қалаға емес, өз туған жерін түлету үшін ауылға келді. Білім ордасында түрлі қызметті абыроймен атқарып, бүгінде білікті басшыға айналды.

Ауыл баласының білімі қандай?

Бәрі де балалар үшін

Бұл бөбекжай – 2009 жылы мектеп жанынан құрылған «Ақ Ерке» шағын орталығы. Мұнда мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілер бар. Бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтар мен төл тарихымыз, ана тіліміз бен мәдениетіміз жайлы мол мағлұмат беріліп, бала бойына ізгілікті ұялатуда ілкімді істер атқарылып жатқанын көзімізбен көріп, көңілімізге тоқыдық.

– Балабақшада әр күн сайын төрт мез­гіл ыстық тамақ беріледі. Медбике бала­лардың денсаулығын ұдайы назарда ұс­тап, қадағалап отырады. Ата-аналармен тренинг, эстафеталық жарыстар, ертеңгілік сайыстар тұрақты өткізіліп келеді. Кіш­кентайларымыздың жақсы тұлға болып қа­лыптасуына бала­бақшадан берілген тәрбие үлкен рөл атқарады. Сондықтан оларға дұрыс бағыт беру біздің борышымыз. Сол мақсатта отбасымен тұрақты қарым-қатынаста ара­ласып, жүйелі жұмыстар жасап жатырмыз, – дейді мектеп директоры.

Ауыл баласының білімі қандай?

«Білім – инемен құдық қазғандай»

Мектеп басшысы бізді мектептің тыныс-тір­шілігімен таныстырды. Бір ерекшелігі, бұл білім ұясында мектеп мұражайы жұмыс істейді. Онда ауылдың тарихы өткеннің өнегесіндей сақтаулы тұр. Білім ордасында 75 мұғалім 453 оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді. Айнакөл, Қараөзек, ауылдарының жоғары сынып оқушылары арнайы көлікпен тасымалданады. 2020-2021 оқу жылында 66 бала мектеп табалдырығын аттаса, 19 шәкірт ұлттық бірыңғай тестілеуге әзірлік үстінде. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары күніне екі мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. 15 оқу кабинеті, 1 мультимедиа, 1 информатика кабинеті бар. 10 кабинет интереактивті тақтамен жабдықталған. Білім ұясында соңғы үш жылда жеті «Алтын белгі» иегері шыққан. Бұл – ұстаздар қауымының өлшеусіз еңбегінің жемісі мен жеңісі.

Ауыл баласының білімі қандай?

Біз білім ордасына барғанда олар соңғы қоңырауға дайындық үстінде екен. Өткен жылы 22 оқушы мектеп бітіріп, оның 18 ҰБТ-ға қатысқан. Оның 13-і мемлекеттік грант ұтып алса, 5 оқушы «Алтын белгі» иегері атанған. Дәл осындай жақсы нәтижені мектеп ұжымы биыл да көрсете аламыз деп отыр. Бүгінде түлектер қызу дайындық үстінде.

Ауыл баласының білімі қандай?

Дарынды шәкірт – білімді ұстаздан

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұ­лыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпақ­қа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім бе­ру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазіргі таңда жаңа көзқарастағы жалынды жастар елі­міздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып ке­леді. Алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұс­танымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.

Республикалық ғылыми жобалар кон­курсының облыстық кезеңінде этно­мәдениеттану секциясы бойынша Алтынай Омарова, Дильназ Алпысбай ІІІ орын, ағылшын тілінен Салтанат Қайырбекова ІІІ орын алған. «Елбасы жолы» эссе байқауынан  Зарина Омар ІІІ орын иемдесенсе, «Жүрегімнің түбіне терең бойла» байқауында Алтынай Омарова ІІІ орын алған. «Древняя история гласит» байқауында Ақжан Бақыт ІІ орын, Нұрсәт Ғани қалалық «Ақпараттандыру әлеміне саяхат» мультимедиялық фестивальде  І орын иеленді.

Ауыл баласының білімі қандай?

Мектеп оқушылары инновациялық тех­но­ло­­гияларға машықтанып келеді. Робото­техникалық құрылғыларды меңгерген өнер­тапқыш балалар бүгінде түрлі олимпиа­далардың жүлдегерлері. Соның бірі Нұрғали Кеңес «Техникалық шығармашылық және өнертапқыштар» жары­сының қалалық ке­зеңінде «Радиомен басқа­рылатын көлік» номинациясы бойынша ІІ орын алған. «Әлем таныған Абай» балалар мен жас­өспірімдер байқауында Гүлсім Сұлтанова І дә­режелі дипломмен марапатталған.

Ауыл баласының білімі қандай?

Жетістігі мол білім ордасы

Заманға сай білім беру болашағы жарқын ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Осындай миссияны өз деңгейінде атқарып келе жатқан №39 «Қызылөзек» орта мектебі деп айтуға толықтай негіз бар. Мектеп мұғалімдері түрлі сайыстар мен олимпиадаларға үздіксіз қатысып келеді. Нәтижесі де жаман емес. «Оқушыңды өзіңнің қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» деген Л.Н.Толстойдың сөзін мектеп педагогтары берік ұстанады. Себебі өзінің қарапайымдылығымен, мейірімділігімен және сауаттылығымен кез келген шәкірт жүрегін жаулай білетін ұстаз ғана жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.

Ауыл баласының білімі қандай?

Қала бойынша «Үздік мұғалім – 2015» бай­қауында  Л.Елу­баева грант иегері атанса, дәл осыны грантты 2017 жылы К.Махамбетиярова, 2019 жылы Г.Бұрам­баева жеңіп алған.

Облыстық «Қазақ жазуының тарихы және латын графикасы» қалалық кезеңінде Л.Сапаржанова ІІІ орын, республикалық «Да­рынды балаға – талантты ұстаз» жас ұстаздар бай­қауында Д.Ахметқалиев ІІ орын, қалалық «Үздік психолог» бай­қауында С.Қалмағанбетова алғыс хатпен ма­рапатталған. Қалалық «Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі-2020» байқауында Л.Тұяқбаева «Ізденімпаз ұстаз» номинациясын жеңіп алған. «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» жас ақындар мүшәйрасында Д.Ахметқалиев бас жүлде иемденген. «Үздік жас маман – 2021» байқауында биология пәнінің мүға­лімі Ж.Мұқановқа алғыс хат берілсе, ақын М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жас мамандар арасында Д.Ахметқалиев ІІ орын алған. «Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі-2021» байқауында Г.Жет­пісбаева ІІ орын, қала­лық білім бөлімі құрмет грамотасымен Д.Тұрғанбаева, А.Аби­лова, С.Қалмағанбетова сынды ұстаздар ма­рапатталған.

Ауыл баласының білімі қандай?

Қайырымды жанның қадірі биік

Баланы жасынан жамандық жасамауға, әл­сізге көмектесуге, жақсылық жасауға, мейі­рімді болуға тәрбиелеу – аға буынның міндеті. Мектеп ұжымы да осы қағидамен жүреді. Себебі оқушыларға үлгі көрсетіп, жақсылық жасауға үйретіп жүр. Мектеп ұжымы демеушімен бірге әлеуметтік тұрмысы төмен от­басыға үйі­нің шатырын күрделі жөндеуден өткізіп берген. Себебі оқушының ата-анасы мүмкіндігі шектеулі жандар. Мектеп түлегі Әділ Игіліктің демеушілігімен ауыл мешітіне күрделі жұмыс жүргізген. Оған мектеп ұжым өз үлестерін қоса білді.

Ауыл баласының білімі қандай?

Оқушылар үйірмеде

Білім ошағында бірнеше үйірме мен ұйымдар үздіксіз жұмыс жасайды. Олар балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған. Соның бірі – домбыра үйірмесі. Бүгінде мұнда 20 бала қазақтың ұлттық аспабында емін-еркін ойнап, өз өнерлерін көрсетіп жүр.

Сондай-ақ қазақ күресі үйірмесі де бар. Үйірме жетекшісі, қазақ күресінен спорт шебері Бақытжан Қайырбеков баланың барлығы та­лантты екенін жеткізді.

Ауыл баласының білімі қандай?

Білім ордасында «Әкелер одағы» мен жастар кеңесі, инбатты қыздар клубы белсенді жұмыс жасауда. Олар жас өрендерге бағыт беріп, ұлттық ойын түрлерін насихаттайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: