Жұма, 29 наурыз, 07:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Меморандумға қол қойылды

21.04.2021

2398 0

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі директорының орынбасары Амирулло Абдуллаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


PIIMA (Prezident, ijod va ixtisoslashtirilgan maktablarni rivojlantirish agentligi) – Өзбекстан Республикасының Министрлер кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі 2019 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Бүгінде Өзбекстанда төрт президенттік мектеп ашылды: елордасы – Ташкентте, Хиуа, Наманган және Нүкісте.
– Бүгінде біздің стратегиялық әріптестеріміз – Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Кембридж университеті. Біз қазіргі уақытта әлемдік білім беру көшбасшылары ретінде танылған NIS тәжірибесіне қызығушылық танытып отырмыз, – деп атап өтті Амирулло Абдуллаев.
Өзбек делегациясының сәуір айындағы Қазақстанға сапары осымен үшінші мәрте болып отыр. Өткен жолы PIIMA өкілдері NIS жүйесінің тарихымен, ерекшеліктерімен және жетістіктерімен танысты, сондай-ақ Педагогикалық шеберлік, Педагогикалық өлшемдер және Педагогикалық бағдарламалар орталықтарының жұмысындағы басым бағыттарды зерттеді, елордадағы үш Зияткерлік мектепте болды.
Бүгін заманауи инновациялық мектептерді құру үшін өзекті стратегиялық мәселелердің үлкен топтамасы пысықталды. Күләш Шәмшидинова өзбек әріптестеріміздің NIS миссиясы, табысты команда құру және корпоративтік дәстүрлер туралы сұрақтарына жауап берді. PIIMA делегациясы үшін арнайы халықаралық аккредиттеу, тәрбие жұмысы және олимпиадалық қозғалыс, сондай-ақ балаларға достық және қауіпсіз орта құру ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі талдау жасалды. Білім беру бағдарламалары орталығында NIS-Programme негізгі қағидаттары мен оның халықаралық мойындалуы талқыланды. Педагогикалық шеберлік орталығында зерттеулерді ұйымдастыру мен педагогтердің кәсіби дамуындағы бизнес-үдерістер, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу қызметін жобалау бойынша кейс-сессия талқыланды. Педагогикалық өлшеулер орталығында бағалаудың кешенді жүйесінің негізгі қағидаттары, компоненттері мен рәсімдері, конкурстық іріктеу, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға теңгерімді көзқарас өзбек әріптестеріміздің үлкен қызығушылығын тудырды.
Өзбек әріптестеріміз Назарбаев Зияткерлік мектептерінде алған үздік тәжірибесі ретінде шабыт пен мотивацияны атады. Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова осындай жетістіктерге қалай қол жеткізгені туралы басты сұраққа бір сөзбен жауап берді:
– Жұмыс істедік!
Сапардың екінші күні PIIMA өкілдері Педагогикалық шеберлік, Педагогикалық өлшемдер және Білім беру бағдарламалары орталықтарында инновациялық мектептерді құрудың бірінші кезеңіндегі өзекті мәселелерді пысықтады.
Министрлер Кабинеті жанындағы Президенттік, шығармашылық және мамандандырылған мектептерді дамыту агенттігі директорының орынбасары Амирулло Абдуллаев Өзбекстанның елдік білім беру жобасы үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерімен ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті.
Қазақстандық және өзбек инновациялық мектептерінің табысты ынтымақтастығында жаңа кезең өз бастауын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: