Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 00:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

23.02.2021

3547 0

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселе – сапалы білім. Бүгінде оқу мен тәрбие жүйесіне тың жаңалықтар енгізе отырып, жас ұрпаққа сапалы білім беруде Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округіндегі №179 Айтбай Хангелдин атындағы білім ошағының орны бөлек. Облыстық, республикалық тіпті халықаралық деңгейдегі білім сайыстарында оқу ордасының оқушылары үнемі алдыңғы қатарда. Сан мыңдаған шәкірттің жүрегіне білім шамшырағын жағып, бала жанының бағбаны болу қызық та қиын екенін жіті түсінген білім ұясының директоры Асқар Садықов бұл жауапкершілікті абыроймен арқалап келеді. Ауылдағы мектептің жайын білмек үшін арнайы ат басын бұрдық.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Мектеп тарихы сыр шертеді

№179 Айтбай Хангелдин атын­дағы мектепке әр жылдары білім саласына бүкіл ғұмырын арнаған ұстаздар басшылық етті. 60 жылдан астам тарихы бар мектеп 1948 жылы бастауыш білім беру ошағы болып ашылады. Мектептің алғашқы директоры Құдайберген Әбдіғалиев.

1964 жылы білім ошағы 8 жыл­дық мектеп болып өзгерді. Бұл жылдары мектепке Ақтай Мұста­фаев, Махамбетжан Әлімбетов басшылық етті.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

1970 жылы «Үлгі тірек» мектебі болып аталса, 1973 жылдан бас­тап орта мектеп болып қайта құрылады. 1971-1988 жылдары Мәлік Науанов, 1988-1998 жылы Сақтапберген Бермағанбетов, 1998-2004 жылы Әбсаттар Әбдіғаппаров, 2007 – 2013 жыл жылы Зухра Абибуллаева, 2013 жылы Мұхтар Беркімбай, 2018 жылы Гүлзада Нұртасова білім ордасына басшы болды.

Білім ошағында директордың орны бөлек. Ұрпақ тәрбиесімен қатар ұжымды да тәрбиелеу үшін білім мен біліктілік, іскерлік қажет. Ұжымның әрбір мүшесін, тіпті баланың да жай-күйін жанарынан байқайтын сергек басшы ұжымның бақыты. Бүгінде осы үдеден шығып жүрген ұлағатты ұстаз, білікті басшы  Асқар Садықов отыз жыл ұстаздық ғұмырында қыруар еңбек етіп, елдің құрметіне бөленіп келеді. Еңбек жолын мұғалім болудан бас­тап, мектеп ди­ректорының оқу ісі жөніндегі орын­басары, 2002 жыл­дан бастап мектеп директоры қызметін басқарып келеді. №179 Айтбай Хангелдин атын­дағы орта мектепке келгелі білім сапасының артуына өз үлесін қосып, қажырлы еңбек етуде.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

– Шәкірт өз балаңдай жақын. Халық ұстазды бекерден-бекерге анаға теңемеген ғой. Ұстаз – жай ғана бір кәсіптің, мамандықтың иесі емес, ізгіліктің, адамзатқа тән қымбат қасиеттің жиынтығына айналған ұғым. Ұстаз – келешекті қалыптастырушы. Білесіз бе, сан жылдар өтсе де, әрбір оқушы мұғалім жадында сол балалық аңғал мінезімен, аппақ көңілімен, риясыз пейілімен, мәңгілік бала бейнесінде жатталып қалатыны бар. Олардың әрқайсысының қылығы, кескін-келбеті, оқу үлгерімі, бәрі-бәрі есіңде жатталып қалады, – дейді Асқар Әнуарұлы.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Мектеп жетістігі көпке ортақ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұр­пақтың тағдыры ұстаздардың қолын­да», – деп мұғалімдер қауы­мына үл­кен сенім, жауап­кершілік артқан болатын. Олай болса, адам баласын ұлы мақ­саттарға жеткізетін ұлы күш білім, оны жас ұрпақтың бойына дарытушы ұстаздар қауымы екені сөзсіз. 60 жылдан астам тарихы бар білім ордасының жеткен жетістігі аз емес. Бұл мек­тептегі бізді қызықтырға­ны – күрес үйірмесі. Үйірмеге қатысу­шылар республикаға шы­ғып облыс намысын қорғап жүр. Жаттықтырушы Аязбек Шүкір – қазақ күресінен Еуразия ойындарының жеңімпазы, спорт шебері. Үйірмеде 40-тан астам бала жаттығады.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

– Күрес десе ішер асын жерге қояр халықпыз. Күш атасы Қажымұқанды, Балуан Шолақтай бабамызды мақтан еткен елміз. Күрес спорт түрі ғана емес, баланы еңбекке тәрбиелейтін орта. Мұн­дағы жет­кіншектер алдағы уақытта әлемдік дода­ларда бақ сынайды, – дей­ді спорт ше­бері.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Оқушылар үшін мектепте үйір­мелер же­тер­лік. Хор үйір­месі, домбыра дейсіз бе, сурет салғысы келеді ме, әркім қабілетіне қа­рай таңдай алады.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Білім ордасының же­тіс­тігі аз емес. Мұғалімдер де рес­публикалық жарыстар­да топ жарып жүр. Қалалық «Үздік тә­­лімгер» бай­қауында Қазына Ниязова үз­дік­тер қатарынан көрінді. Абай Құнанбайұлының 175 жыл­дық ме­рейтойына ар­налған «Ұлттың ұлы мұрасы» ха­лық­ара­лық өнер және бі­лім фес­тивалінің өтуіне үлес қосып, шәкірттері жо­ға­ры нәтиже көр­­сеткені үшін Гүлфира Кенжебекова «Үздік жетекші» атанса, «Суретшілер сал­тана­ты» көрмесін­де шы­ғар­машылығымен ерек­­­шелген Айжан Ештай жүлделі  I орын­ды ие­ленген.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Айта кетейік, пан­демия ке­зінде ауыл баласы білімнен қол үзіп қалмады. Демеушілердің көмегімен қашықтықтан білім алуға қажетті құрал-жабдық алынды. Бір сөзбен айтқанда сабақтан үзілген кезі жоқ.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Мектеп директоры Асқар Әнуарұлының «жақсылық жаса, қайтарымын күтпе» ұстанымын екенін әңгімелесу барысында бай­қадық. Ауылдағы тұрмысы тө­мен отбасыларға әрдайым көмек көрсететініне көзіміз жетті. Ал мектеп ұжымы әрдайым аз қам­тылған балаларға қол ұшын созуға дайын.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Балабақша – бақыт баспалдағы

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Жас ұрпақ­қа тәрбие беруде балабақшаның маңызы зор. Осы орайда №179 Айтбай Хангелдин атындағы білім ошағында «Нұр­бөбек» балабақшасы бар. Мек­­тепке дейінгі білім беру меке­месінің заманға сай жабдық­талуы біз­ді қатты қуантты. Мекемеде 10 қызметкер жұмыс жасап, бала­лардың білім алу жолын­да аянбай еңбек етіп ке­леді. Балабақшаның мұн­таздай таза бөлмелерінен олар­дың таза­лықты бірінші орынға қоя­тынын аңғардық. Басты­сы – бал­ғын­дардың тәлімді тәр­бие алып, шығармашылықпен айна­лысуына барлық жағдай жа­салыпты. Бала­бақшаның мекеменің атқарар ісі ұшан-теңіз екені рас. Қоғамның кішкентай мүшелерінің ертеңгі күні елдің нағыз отансүйгіш, елжанды аза­маты болып қа­лыптасуына алдымен ата-ана жауапты десек, сол тәрбиені ары қарай ұштап, бала санасына сіңіруде балабақша тәрбиешісінің де төгер тері аз еместігі белгілі. Ал «Нұрбөбек» балабақшасының меңгерушісі Серіккүл Шаукиева осы жолда аянбай еңбек етіп келеді.

Ауыл мектебінде сапалы білім бар

Оқушыға қарап, мектебін таны…

Қазақы оюмен ті­гілген мектеп фор­масы – білім ұжы­мы мен ата-ана таңдауы. Елі­міз бойынша оқу­шылар үшін бір­­дей форма бол­­маса да, әр мек­теп өз мек­теп формасын тік­тіріп кию­де. Бұл бала­лардың бірдей киінуі үшін әрі мектеп тәртібі үшін де қажет. Оюмен өрнектелген мек­теп формасы ба­лаларға сондай жарасымды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: