Жұма, 29 наурыз, 01:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма? Министр жауап берді

28.05.2021

1095 0

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың 1 қыркүйекте мектепке баруы туралы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір баланы мектепке апарамыз ба, әлде жоқ па деп ойланып отырмыз. Балам алтыда, егер қайтадан қашықтан оқитын болса мектепке жеті жасында береміз. Биыл мектептер ашыла ма?», – деп сұрады министрден. 

«Өте маңызды сұрақ, бірақ бәрі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізге байланысты, егер халықтың басым көпшілігі вакцина салдырса және барлық санитариялық талап пен шектеуді сақтасақ, мен келесі жылы қыркүйектен бастап білім мекемелері ашылады деп ойлаймын», – деді министр. 

Аймағамбетов балалар мектепті, достары мен ұстаздарын сағынғанын атап өтті. 

«Мектептерін сағынды, педагогтер де тезірек дәстүрлі форматқа оралғысы келеді, жалпы бәріміз дәстүрлі форматқа оралғымыз келеді.  

Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Мен вакцинация қарқыны келесі жылы мектептердің ашылып, дәстүрлі форматқа оралуымызға әсер етеді деп үміттенемін», – деді БҒМ басшысы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: