Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бала тәрбиесі – ортақ міндет

03.06.2024

538 0

Қызылорда қаласындағы «Нұрбесік» балабақшасы мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Балабақшасының негізгі ұстанымы осындай.

– Біздің негізгі мақсат – ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру. Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелер, отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әртүрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелерде, оңалту орталықтарында ондай балаларға әлеуметтік, педагогикалық және психологиялық көмек жасау, қолдау көрсету көп  ізденісті, қажырлы еңбекті қажет етеді. Осындай тұлғалардың бойында психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олардың көпшілігінде өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары қалыптаспаған. Бұл балаларды қажетті тәртіп нормалары жаттығулары қайта-қайта орындау туралы  түсінік өте баяу жүреді. Сондықтан педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың, психологиясын терең, жетік меңгеруі керек. Баланың нені ұнатып, нені қаламайтындығын, қарым-қатынас жасау қабілеттерін толық білуі тиіс. Олардың зейіні тұрақсыз,қабылдау мүмкіндіктері де әртүрлі. Дегенмен ерекше балалардың қабілетіне ат үсті қарау, олардан түк шықпайды деу үлкен қателік. Бұл балалар, жан-жақты көмек көрсете отырып жұмыс жасау тиімді, – дейді балабақша меңгерушісі Лиза Тулекова.

Айта кетейік, «Нұрбесік» бөбекжай балабақшасы 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. 2019 жылғы 9 желтоқсанда Қызылорда облысының мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған өңірлік жол картасы даярланған. Осы негізде аталған тәлім ошағында «Аутизм балаларды қолдау» кабинеті ашылып, бүгінгі күні ерекше білімді қажет ететін 9 бала тәрбиеленуде.

– Қазіргі таңдамектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қамту саны күн сайын артып келеді. Балабақшаға балаларды қабылдау педагогикалық медициналық консультацияның тұжырымдамасы арқылы іске асырылады. Балабақшада педагог-ассистент, дефектолог мамандар жұмыс істейді. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім беру процесіне қосу аясында олардың психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету арқылы сапалы білім алу құқықтары жүзеге асырылып келеді, – дейді меңгеруші.

Тәрбиелеу – білім беру процесінде жеке дамыту және түзете дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, психологиялық-педагогикалық қолдаумен қатар, әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиеленіп келеді. Әр балаға жеке көңіл бөліп, сырқатына, қабылдау деңгейіне қарай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, ұйымдастырылған іс-әрекет барысында түрлі ойындар жүргізіп отырады. Балаларды еңбекке баули отырып, танымдық әрекеттерін жетілдіру мақсатында түрлі әдістер пайдаланылады. Ерекше балаға оқу қызметін өткізу педагогке арттырылған жауапкершілік қиын және күрделі. Педагогтің білім қорыбаламен қарым-қатынасы,баланың өзіндік ерекшелігін аңғарымпаздығы адамгершілік және мәдени деңгейі балаға әсер етпейді. Баланы жалықтырмай сабақ өткізу үшін үнемі ізденіс үстінде болып, білімін толықтырып,сауатты түрде қолданылып, заман талабына ілесіп отыруы керек. Балабақшада балалардың рухани өсіп жетілуіне оның жанының жайлы болуына педагогикалық-психологиялық жағдай жасалған.

– Ұжымда педагог-ассистент, дефектолог, медбике және тәрбиешілермен мамандар тығыз байланыста отырып, тәрбиеленушілердің мінез-құлқын, психологиясын зерттеп отырады. Олардың емін-еркін сөйлеп,ойын толық жеткізе білуіне,жасқаншақтықтан құтылуына бар мүмкіндіктерін ашып, әр қайсысының қызығушылығын арттырып, түрлі іс-шаралар,тренинг сабақтар, сюжеттік-рөлдік ойындар, сұрақ-жауап, әңгімелесу әлеуметтік тұрмысқа беймдеу,өзіне-өзі қызмет ету ойын әрекетін дұрыс пайдаланып, қызықтырып, жұмыс істеуде, – дейді бала жанының бағбанына айналған жан.

Жалпы балабақшаның жұмыс ерекшелігі ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инкюлзивті ортаны қалыптастыру бойынша педагогтардың, тәрбиелеу мен оқытуда заманауи әдістерін қолдануы, оларға әдістемелік қолдау көрсету – басты назарда.

Аида АМАНЖОЛ,

Айша ӨМІРЗАҚОВА,

Қорқыт ата атындағыҚызылорда университетінің студенттері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: