Сәрсенбі, 29 мамыр, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда алдағы жылдары оқу ақысы қымбаттайды

06.01.2023

490 0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылдан бастап елімізде оқу ақысы қымбаттайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бюджеттегі тиісті қаржы көлемін ескеру керек. Біз біртіндеп грант құнын арттырамыз. Себебі, жоғары оқу орындары стипендия мен оқытушылардың жалақысын өсіруге мүмкіндік берілуге тиіс. Екіншіден, барлық студенттің халықаралық цифрлық кітапханаларға тегін қосылуына жағдай жасау қажет. Бұл білім алу үшін маңызды», – деді министр.

Бұнымен қоса, Саясат Нұрбек өткен жылы үш университет Times Higher Education рейтингіне енгенін, шетелде қазақстандық жоғары оқу орнының 3 филиалы ашылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық студенттердің шәкіртақысы 2025 жылға дейін екі есе өсетінін жазған едік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: