Сенбі, 21 желтоқсан, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар игілігіне – жаңа мектеп

19.07.2022

841 0

Биыл 4 350 орынға арналған 9 білім ұясы пайдалануға беріледі. Олардың 2-і апаттық жағдайдағы мектептер орнына ашылады. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихат депутаттары алдында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде бұл жөнінде кеңінен айтып өтті.

Жаңадан ашылатын мектептердің 6-ы мемлекет қаржысына, ал қалған 3-і жеке инвесторлар есебінен салынады. Сонымен қатар білім ошақтарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Заманауи ғимаратта  сапалы білім алу үшін балаларға толық жағдай жасалуы қажет. Осы орайда пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан 6 мектепке күрделі жөндеу, 13 білім беру нысаны қазандықтарын газға ауыстыру және 2 мектептің бу қазандығын ғимараттан шығару жұмыстары жүргізіледі.

Сапалы оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 8 негізгі мектептер орта мектептерге ауыстырылуда, яғни 10-11 сыныптар ашылуда.

– Президент Жарлығымен белгіленген «Балалар жылына» тарту ретінде қаламызда 1 млрд теңгеге 50-ге тарта спорт алаңын, аудандарға 30-дан астам спорт-ойын алаңын саламыз. Бұл жұмыстар демеушілер есебінен іске асырылады,  – деді  облыс әкімі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: