Жұма, 27 желтоқсан, 00:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балаңызды полиомелиттен қалай сақтауға болады?

17.09.2024

258 0

ХХ ғасырдың 50 жылдарының соңына дейін полиомиелит өте қауіпті ауру болды. Ауру эпидемияға ұласып, әртүрлі елдерде бірнеше мыңдаған адамдардың, оның ішінде балалардың өмірін қиды. Науқастардың шамамен 10%-ы көз жұмып, 40%-ы мүгедек болып қалған.
Полиомиелитпен негізінен балалар ауырады, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар ауруға жиі шалдығады. Вирус ағзаға ауыз қуысы арқылы еніп, әрі қарай қанға түсіп, жүйке жүйесіне әсер етеді, кейде сал ауруын тудырады. Көбіне аяқты зақымдайды, әр оныншы науқастың өкпесі жұмыс істемей, тұншығудан көз жұмады. 
Полиомиелиттің алдын алудың негізгі әдісі – вакцинация. Балаларға профилактикалық егу вакцинаның екі түрімен жүргізіледі: 2, 3, 4, 18 айлық жасында аралас вакциналар құрамындағы белсенді емес полиомиелит вакцинасы, 12(15) айлық жасында ауыз арқылы тамызатын полиомиелит вакцинасы. Полиомиелитке қарсы вакциналар балаларды қорғайды, олардың ағзасын полиовируспен күресуге дайындайды. Қолданылатын вакциналар тиімді және қауіпсіз. 
Қызылорда облысы бойынша ағымдағы кезеңде полиомиелитке қарсы профилактикалық егулермен қамту жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес жүргізілуде. Егер полиомиелитке және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы егулер уақтылы жүргізілмесе, онда инфекцияны жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары.
Сондықтан баланың денсаулығы мен өмірін қауіпті жұқпалы аурулардан және олардың зардаптарынан сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі шеңберінде профилактикалық егулерді уақтылы алуды ұсынамыз

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: