Жексенбі, 24 қараша, 22:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Барлығы балалар үшін

05.09.2023

388 0

Қызылордада оқушылардың артуына байланысты бірнеше мектептің жанынан қосымша ғимарат салынып жатқаны белгілі. Кеше облыс орталығындағы С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицейі мен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің жанынан салынған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жиналған жұртшылықты құттықтады.  

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты дәстүрлі Жолдауында адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасатынын айтты. Ол үшін жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек. Балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру – ортақ міндет, маңызды бағыттарымыздың бірі. Кейінгі жылдары оқушы санының артуына байланысты бірнеше білім ошағы қосымша құрылысты қажет етті. Өздеріңіз білетіндей, орталықта жаңа мектеп салуға ыңғайлы жер жоқ. Жаңадан ашылған жерге салынған мектепке қатынау қиын. Әсіресе қыстың қысқа күндері ата-аналар балаларына алаңдайды.  Тағы бір айтарлығы, қосымша ғимарат бюджетке аса ауыр салмақ салмайды, жаңа мектепке қарағанда арзан. Ең маңыздысы – балаларымыздың қауіпсіздігі,  олар үйіне жақын,  үйренген мектебінде  оқиды. Үш ауысымдық мектептер ауласына қосымша ғимарат салу барлық жағынан да тиімді болғандықтан, осы шешімге тоқталдық, –  деді аймақ басшысы.

С.Толыбеков атындағы №3 ІТ-мектеп-лицейінің ауласындағы 375 орындық ғимаратта бастауыш сыныптар оқиды. Ал Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейдің қосымша ғимараты 550 орынға арналған.

Жаңа ғимараттарда оқу кабинеттері, шығармашылық бөлмелер талапқа сай жабдықталған. Оқушыларға ыңғайлы болуы үшін оқу құралдарын сақтауға,  шығармашылық дамуы мен демалуына барлық жағдай қарастырылған. Бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да қауіпсіздік жабдықтары орнатылған.  

Білім күні қарсаңында қалалық №101 мектеп-лицей және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің жанынан салынған осындай оқу ғимараттары пайдалануға берілген еді. Осылайша облыс орталығындағы 4 мектептің 1 850 балаға арналған қосымша ғимараттары жаңа оқу жылында балаларды қабылдады.  

Айта кетейік, Сыр өңірінде заманауи жаңа білім ошақтары бой көтеріп, жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса мән берілген. Аймақта  3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі  100 пайызға, ал 2-6 жастағылардың қамтылуы 88,9 пайызға жетті. Мемлекет пен жекешеменшік әріптестіктің ынтымақтастық аясы кеңейіп келеді. Бүгінде облыстағы 613 балабақшаның 453-і немесе 73%-ы жеке сектордың үлесінде. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған      Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 100 млрд теңгеге жуық қаражатқа 21 заманауи мектеп салынбақ. Биыл 10 мектептің іргетасы қаланады. Қаланың сол жағалауында «ҚазГерМұнай» компаниясының қаржылай қолдауымен 350 орындық заманауи оқушылар сарайы салынады. Бұл қосымша білім беру ордасында озық ойлы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалар тәрбиеленбек.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: