Сенбі, 16 қараша, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжіліс өтуде

29.01.2024

413 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында өңірдегі білім беру ұйымдарының жай-күйі туралы кеңейтілген мәжіліс басталды.

Мәжілісте білім саласының күрделі әрі ауқымды мәселелері қаралады. Балалардың заманға сай озық білім алуы, мектептегі орын тапшылығын, қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын жою, білім ошақтарын қауіпсіз орынға айналдыру, оқушыларға өнегелі тәрбие беру, тағы басқа өзекті әрі күрделі мәселелер жан-жақты талқыланбақ.Оған облыстық мәслихат төрағасы, құқық қорғау органдарының басшылары, қала және аудан әкімдері, аумақтық департамент және басқарма басшылары, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, қоғамдық кеңес, ардагерлер, әйелдер кеңесінің төрағалары, ата-аналар комитетінің өкілдері және облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары қатысуда.

Мәжілісті аймақ басшысы ашып, бүгінгі шұғыл өзгерістерге толы кезеңде білім мен білік бәсекеге қабілетті мемлекетіміздің бағдаршамы екенін атап айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші Ұлттық құрылтайда «Мектеп – білімнің ғана емес, тәлім-тәрбиенің де ордасы. Баланың бойына біліммен қатар адамгершілік құндылықтарын сіңіру – ұстаздардың міндеті» – деген болатын. Алаш арысы Мағжан Жұмабаев «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген. Халқымыз келешектің кілті білімде екенін терең түсініп, сол себепті, ұстазды ерекше қадірлеген. Бүгінгі күні педагог – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын. Ұстаздарымыз осы талап үдесінен шығуы тиіс, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: