Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Болашағы зор мамандықтар

19.07.2021

1894 0

Өмірде қателесуге болмайтын шешімдердің бірі – мамандық таңдау. Ал қазіргі таңда еңбек нарығының жылдам өзгеруіне байланысты, 5 жыл бұрын өзекті болған мамандықтардың басым бөлігі нарық талабына сай болмай қалып жатыр. Осы орайда, әрбір бітіруші түлекке өзекті деген мамандықтар тізімін білу маңызды. Себебі болашаққа керекті маман болу үшін аталмыш ақпараттың берері мол. 

Қазақстанда қандай мамандықтарға болашақта жоғары сұраныс болады? Сіз өз келешегіңізді қазақстандық еңбек нарығына қажет мамандықтар мен кәсіптер бойынша дұрыс профильді таңдағаныңызды сенімдісіз бе?Олай болмаған жағдайда сізге қайта оқып мамандануға  тура келеді.

Инжениринг

Өнеркәсіп инженирингі еліміз үшін өте маңызды сала.  Көлік инженерлері, құрылыс инженерлері, машина жасау және механика мамандары таптырмас кадр ретінде бағаланады. Сонымен қатар  мұнай және газ саласындағы металлургия мен энергетика саласы мамандары да бар. Бұл дегеніміз инжениринг саласы еліміздің дамуында өзіндік оны барын айқындайды.

Дегенмен жақын болашақта тау-кен өнеркәсібі саласында автоматтандырылған жүйелермен және күрделі машиналармен жұмыс жасайтын сандық мамандарды аса қажет етеді, өйткені тау-кен өндірісі, пайдалы қазбаларды байыту процестері өзгереді – ол күрделене түседі және роботтандырылады.

Дәл қазір өндірістік еңбек нарығында инженерлік кадрлар мен орта буын менеджерлері жетіспейді. Жұмыс берушілер техникалық, экономикалық және құқықтық білімдерді бірге қоса игерген, сонымен қатар ағылшын немесе басқа еуропалық тілдерді игерген өте қажетті әмбебап мамандарды табуда қиналады. Қазақстандық индустрияның барлық салаларында маркетинг туралы түсінігі және менеджерлік біліктілігі бар инженерлер жеткіліксіз. Сондықтан болашақта технологиялық мамандықтар қосымша дағдылардың нақты тізімімен қамтамасыз етілуі керек.

  1. IT саласы

Болашақтың мамандығы – веб-дизайнер. Сайт кез-келген компанияның айнасы, тұтынушы мен қолданушы арасындағы көпір. Жақсы жасалынған сайт компанияларға көп нәрсе береді. Сондықтан оны интернетте қол жетімді және әдемі көрінетін етіп жасайтын маман жоғары жалақы мен сұраныстарға ие бола алады.

  • Нанотехнология

Ең кішкентай бөлшектермен жұмыс жасау, заттардың бойындағы жасырын және құнды қасиеттерін пайдалану – зерттеу мен іске асырудың үлкен өрісі екені анық. Қазақстанда наносаладағы болашақ мамандықтардың негізгі үш маңызды бағыты бар: микрочиптер шығару, наноөлшемді роботтар жасау және ядролық инженерия.

Нанотехнология ғылымның барлық салаларында қолданылады. Мысалы, биотехнологияда, молекулалық медицинада, биофармакологияда. Бұл бағыттар алдағы уақытта сөзсіз дамиды және еліміздегі университеттер осындай жұмыстарға бейімделе алатын құзіретті мамандарды даярлауға өте мүдделі болуы керек.

  • Сервис немесе қызмет көрсету

Коронавирус тудырған алпауыт дағдарысқа дейін халықтың орташа табысы өмір сүру деңгейі тұрақты өсіп отырды. Пандемия – уақытша құбылыс. COVID-19 зардаптарынан толық  шыққаннан кейін адамдар қайтадан қонақжайлылық, тамақтану және ойын-сауық т.б. салаларда сапалы қызметтерге мұқтаж бола береді. Алдағы уақытта Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтарға міндетті түрде: мейрамхана, спа-менеджер, ресторатор, қонақ үй менеджері, тамақтану менеджері т.б. қызмет көрсету салалары кіреді.

  • Логистика

Мамандарға адамдардың, шикізаттың, тауарлардың қозғалысын жоспарлау және жүзеге асыру тым күрделі процесс. Бірақ, қазірдің өзінде көптеген процестер автоматтандырылуда. Бір жағынан, бұл арқылы жұмысты тиімді әрі жылдам орындайтын бағдарламалар арқасында логисттердің санын қысқартуға болады. Дегенмен, болашақта сұранысқа ие мамандықтардың тізімдеріне техникалық біліммен қаруландырылған жаңа логистер кіреді.

6. Экология

Қазақстандағы экологиялық жағдай апатты деп бағаланады: жер проблемалары (40-50 жыл бұрын атом қаруын сынаудың салдары), ауа (15 ірі қалаларда ластану деңгейі рұқсат етілген деңгейден әлдеқайда асады), су (Арал теңізі екі ұсақ су қоймасына айналуда, Балқаш та солай).

Қазіргі кезеңдегі қоршаған ортадағы қиындықтардың санына қарағанда экологтар алдағы көптеген онжылдықтар бойы болашағы зор 5 мамандықтың қатарында болады деп болжанады. Перспективалық бағыттар – қайта өңдеу, эко-қорғау, экотехника, биоэкология әрдайым дами береді.

  • Химия

Кез-келген энергетика саласында химиктерге үнемі сұраныс бар. Балама көздер уақыт өте келе тезірек қажет етілуде. Ал химия саласы дамымаған ел ешқашан алға жылжымайтынын уақыт көрсетіп отыр.

  • Медицина

Қазір аймақтарғы еңбек нарығының 40 пайызын дәрігерлер құрайды. Олардың 60 пайызы бес жылдан кейін зейнетке шығады деп есептесек, алдығы 10 жылда білікті дәрігер атану үшін күрделі медициналық технологияларды игеру қажет болады. Бұл медицина қызметкерлерінің жұмысын одан әрі қиындатады және жоғары біліктілікті талап етеді.

  • Азық-түлік өнеркәсібі

Фермерлер мен агрономдар генетикалық және биологиялық технологиялармен бірге табиғи өсімдік шаруашылығы процестерін «жақсарту» бағытына өзгереді. Бірақ адамдар зауыттарда өндірілген көкөністерді, жемістерді, жармаларды жеуге үйренбейінше, бұл мамандарға сұраныс болады. Әсіресе, территориясының 70 пайызы агроөнеркәсіптік кешенге жататын Қазақстанда бұл мәселе өте өзекті.

  1. Қала құрылысы

Жер шары– ауылға қарағанда қалалардың планетасы деуге лайық.Үкіметтік сарапшылар 2025 жылға қарай халықтың 77 пайызы қалалық болады деп есептеп отыр. Жалпы әлемдегі 30 ірі қаланың халқы 27 пайызға өседі деп жоспарлануда. Сондықтан болашақтың қалаларына өмір сүруге қолайлы және сау ортаны құра алатын мамандар: урбанисттер, қала жоспарлаушылар, көлік инженерлері, эргономистер қажет. Сондай-ақ қалаларды салуға және өндіруге қабілеттілікке ие адамдар: «ақылды» үйлер, дүкендер, қауіпсіз жолдар жасайды деп күтілуде.

Нұрлыбек Ахатаев,

Экология және химиялық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., химия ғылымдарының кандидаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: