Қазақ тілін білу талабы ең жеңіл деңгейден орташа деңгейге көтеріледі. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM
ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында оған депутат Самат Нұртаза сұрақ қойды.
— «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арасында кейде қазақша білмейтіндерін кездестіремін. Олар ҚАЗТЕСТ тестілеуінен қалай өткен? — деді депутат.
Оған жауап берген министр алдағы жоспарларға тоқталды.
— ҚАЗТЕСТ деңгейін көтереміз. Оның A, B, C деген деңгейлері бар. Қазір соның ең төменгісі A бекітілген. Енді ақырындап көтереміз. Қазақ тілін білу талабын B1, B2 деңгейіне жоғарылатуға мүмкіндігіміз бар, — деді Саясат Нұрбек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
