Бейсенбі, 27 тамыз, 18:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64 (2276)
25.08.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда бензин сапасына қатысты шағым көбейген соң тексеріс басталды

27.08.2026

34 0

Фото: neftregion

Қазақстанда жанармай сапасына қатысты шағымдар көбейді. Осыдан кейін Сауда министрлігі бензинді зауыттан бастап жанармай құю бекеттеріне дейін тексеріп жатыр. Зерттеу барысында зауыттан алынған отын да, жанармай құю бекеттеріндегі бензин де зертханада тексеріледі. Ал алғашқы нәтижелер бір апта ішінде белгілі болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазір министрлікте азаматтардан түскен 12 өтініш қаралып жатыр. Оның 9-ы – Астана тұрғындарынан, 1-еуі – Павлодардан, 2-еуі – Солтүстік Қазақстан облысынан.

Тексеру аясында 17 жанармай құю бекетінен сынама алу үшін бақылау сатып алуы жүргізілді. Атап айтқанда:

  • Алматыда – 5 бекет;
  • Алматы облысында – 5 бекет;
  • Абай облысында – 6 бекет;
  • Жамбыл облысында – 1 бекет.

Олардан алынған бензин үлгілері қазір зертханада тексеріліп жатыр. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауытынан тікелей алынған бензиннің арбитраждық сынамалары тәуелсіз зертханаға жіберілді. Sinoil, QazaqOil және Helios желілеріндегі қоспалары бар отын үлгілері де бөлек зерттеліп жатыр.

Тексеру тек зауытпен шектелмейді. Мамандар бензинді мұнай базаларында және жеткізу тізбегінің басқа да кезеңдерінде тексереді. Демек отынның сапасы оны өндірген сәттен бастап тұтынушыға сатылғанға дейін бақылауға алынады. Егер бензиннің техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, заң бойынша тиісті шаралар қабылданады. Оның ішінде сапасыз жанармайды сатуға тыйым салу және оны айналымнан алып тастау қарастырылған.

Қысқасы, көлігіне қандай бензин құйып жүргенін білгісі келген жүргізушілер зертхана қорытындысын күтеді. Ал нақты нәтижелер бір апта ішінде жарияланбақ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жүргізушілер бензин құйғаннан кейін көліктерінің бұзылып қалғанына шағымданғаны туралы жазған едік. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: