Дүйсенбі, 27 сәуiр, 13:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2242)
25.04.2026
PDF мұрағаты

Елімізде студенттерге қанша жатақхана орны жетіспейді

27.04.2026

52 0

Фото: Берік Асыловтың әлеуметтік желісінен

Жатақхана тапшылығы мәселесінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ЖОО-лар ұсынған деректер сәйкес келмейді. Бұл жөнінде ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тілеген Каскин мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM

— 2024–2025 оқу жылында жатақханаларда 10 мыңнан астам орын тапшы болды. Бұл ретте министрлік пен оператор деректері арасындағы қажеттілікке қатысты алшақтық 31 мың орыннан асып түсті, — деді ол.

Сондай-ақ, студенттерді жатақханаға орналастырудың бекітілген нормасы орындалмай отыр.

— Баспанамен қамтамасыз ету деңгейі бұрын белгіленген 70% бағдардан едәуір төмен: Еуразия университетінде — 51,7%, Қазақ ұлттық университетінде — 56,7%. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық университеті мен Еуразия университетінде әкімшілік қажеттіліктерге автокөлік сатып алуға 133 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған, — Жоғары аудиторлық палата мүшесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: