Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Енді жекеменшіктегі балабақшалар жабылмақ

21.10.2023

1052 0

Шымкенттегі жекеменшік балабақшалар жабылудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

Шымкенттегі 534 жекеменшік балабақшаның меңгерушілері қазір тығырыққа тірелген. Жаңа заң бойынша енді бөбекжайдағы бейнекамералар тікелей полиция департаментіне жалғануы керек. Сондай-ақ ғимараттың кіре берісіне турник орнатылуы тиіс. Барлығын орындауға бір ай уақыт берілген. Бірақ балабақша басшылары жаңа ереженің кемшін тұстарын жіпке тізіп, әлі дайын еместігін жеткізген.

“Серверде орын жоқ деп жатыр. Барлығын қамтамасыз етуге. 100 пайыз ЦОО-ға қосылмаған. Жабылып қалуы мүмкін. Барлық басқа талаптар орындалып жатса, бұған басқа жағынан заң қарастырып көреміз”, – дейді “Үздіксіз білім беру” қауымдастығы филиалының директоры Диана Қарманова.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің иелері бақылау камерасын полиция департаментіне жалғау үшін 760 мың теңге керек дейді. Кәсіпкерлер бұл қаражат қалтамызға салмақ түсіреді. Ал 1,5 метрлік турникеттің 3 және 5 жастағы балаларға қажеті шамалы екенін жеткізді. Алайда бұл пікірмен білім басқармасының басшысы келіспейді.

“Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан әрбір білім беру мекемесінде қауіпсіздік жағдайлары жасалуы керек. Екінші мәселе қазіргі қараша айында өтетін актуализация бойынша біз оны заңнамалық тұрғыда заңгерлермен сөйлесіп, шешімін табуға тырысамыз деп уәде бердім жаңа”, – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева.

Білім басқармасындағылар кәсіпкерлердің наразылығын туғызған заңнаманы тағы бір пысықтауға уәде берді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген өзгерістерді балабақшалардан бөлек жекеменшік мектептер де жүзеге асыруы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: