Жексенбі, 24 қараша, 02:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ғасырлық тарихы бар мектептің майдангер ұстаздары

20.05.2024

382 0

1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы 1939-1945  жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыстың бөлігі ретінде тарихқа енді. Қазақстан екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында одақтас республика (Қазақ КСР) мәртебесінде КСРО құрамына кірді, сондықтан 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия армиясы Кеңес Одағына басып кірген сәттен бастап соғысқа кірді. КСРО армиясында қызмет еткен 178 мыңға қосымша Қызыл Армия қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 600 мыңнан астамы соғыс майданында қаза тапты. Қазақстан жауынгерлері барлық шайқастарға қатысты. КСРО жауынгерлік ордендерімен және медальдарымен Қазақстаннан жүз мыңнан астам жауынгер марапатталды, 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Екінші дүниежүзлік соғыс қоғамдық өмірдің барлық салаларына әсер етті және халықтық білім беру жүйесі мен кеңес мектебінің қызметіне қатты әсер етті. Соғыс кеңестік білім беру жүйесі, іскерлік және сол кездегі барлық зиялы қауымның, оның ішінде мұғалімдер мен оқытушылардың саяси қасиеттері үшін ауыр сынақ болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай халықтық білім мен кеңес мектебінің қызметіне әсер ете алмады. Мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер күшті патриоттық импульске ие болып, Қызыл Армия қатарына шақырылды.    

 Осындай жағдай білім ұясының ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының да басына түсті.   Қала мектептерінің қарашаңырағы атанған  бұрынғы 1 Май, қазіргі Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиямыз ғасырлық ғұмырымен ерекшеленеді. Мектеп-гимназия тарихы  Ұлы Отан  соғысына  7 мектеп директоры қатысуымен де ерекшеленеді.

Олар :

1.Дайрабай Байханов

2.Ахмет Пірназаров

3.Саттыбаев Қалий

4.Әділбек Айзунов

5.Әлкен Иманбаев

6.Бертай Сейтмұратов

7.Әсім Тобылбаев

(Ортада мектеп директоры Ахмет Пірназаров оқушылары мен ұстаздар арасында).

Ахмет Пірназаров бастаған 1 Мамыр мектебінің ер мұғалімдері майданға  аттанды. Бұл соғыста мектеп директоры А.Пірназаров 1943 жылы Ленинградты қорғау кезінде ерлікпен қаза тапқаны жайлы ұстаздарымыз К.Медетовтың, А.Ығылмановтың, М.Бейсеновтың қазаға ұшырағандары туралы қара қағаздар келді. Ахмет Пірназаровтың ерекше талантты шәкірттері ұстазымен бірге майданға аттанған болатын. Еркебай мен Ергештен де хат үзіліп, хабарсыз кетті.  

1942 жылдың маусым айында Байханов Дайрабай өзі сұранып, майданға аттанып, Румыния, Болгария, Венгрия, Австрияда Совет армиясының офицері ретінде политработник болып қызмет атқарады. Елге 1946 жылы капитан шенімен оралып, ұстаздық қызметін жалғастырады. Бұл ағалар – қаламын қаруға, класын окопқа айырбастап, ел басына күн туған ауыр кезеңде жаудың бетін қайтарған   жауынгер  ұстаздар. Майдангер ұстаздардың ерлігі мен өнегелі жолы бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Қуаныш Изатуллаев,

Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия директоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: