Экономика және құқық институтының әлеуетін бірнеше бағыт бойынша қарастыруға болады. Біріншіден, ғылыми-зерттеу әлеуеті. Экономика және құқық институтының ғылыми әлеуеті гранттық қаржыландыру бойынша жұмыс тобы ұжымдары, профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің қызметінде көрініс табады. Институттың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттарына экономика, құқық, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар салаларындағы зерттеулер кіреді.
Институттың ғылыми-зерттеу әлеуеті оның ғылыми қызметінің сапасы мен ауқымына байланысты. Қазіргі уақытта университет институттары түрлі салаларда жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуде. Бұл зерттеулердің нәтижелері теориялық жаңалықтармен ғана шектелмей, практикалық қолданыстарды да қамтиды. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру үшін институттар халықаралық деңгейде жобаларға қатысады, шетелдік ғалымдармен бірлескен зерттеулер жүргізеді, ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысып, тәжірибе алмасады. Мұның барлығы зерттеулердің нәтижелерінің сапасын жоғарылатып, институттың әлемдік ғылыми қауымдастықта орнығуына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда институт құрамындаэкономика және құқық бағыттары бойынша мамандар дайындайтын 3 білім беру бағдарламалары (БББ) мен 1секция бар:«Экономика және басқару»,«Қаржы, есеп және аудит», «Құқықтану»БББ және «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» секциясы. Осы төрт бағыт бойынша жалпы профессор-оқытушылар саны 72, оның ішінде 44қызметкеріміздің ғылыми дәрежелері бар. Осылайша, ғылыми дәрежелері бар профессор-оқытушылар 61,1 пайызды құрап отыр. Институт экономика, құқық және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерімен байланысты көптеген ғылыми жобаларды жүзеге асырады. Зерттеулер аймақтық және жаһандық экономикалық процестерді, құқықтық реформаларды, инновациялық басқару мен әлеуметтік саясатты зерттеуге бағытталған.
Екіншіден, институттың кадрлық әлеуеті оның жетістіктерінің негізі болып табылады. Институт профессор-оқытушылар жоғары білімді, кәсіби мамандардан тұрады.Кадрлардың кәсібилігі мен біліктілігі институттың табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді. Заманауи институттар ғалымдарды даярлау және олардың кәсіби деңгейін үнемі көтеру жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта институтымыздыңғылыми әлеуетін дамыту үшін «Экономика» БББ 4 докторант, «Мемлекеттік басқару» БББ 2 докторант білім алып жатыр.Бұл салада докторлар, кандидаттар және басқа да жоғары білімді мамандарды тарту, ғылыми дәрежелерді алумен қатар, халықаралық деңгейде мойындалған ғылыми еңбектер жариялау да өте маңызды. Институттың профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттары мен студенттері жетекші ғылыми журналдарда тұрақты түрде мақалалар жариялап тұрады, халықаралық және аймақтық конференцияларға қатысады, монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын шығарады. Бұл жарияланымдар институттың ғылыми қызығушылықтарының кең ауқымын көрсетеді.Сонымен қатар, білім алушылардың еңбек нарығына қажетті, талабына сай маман болуыда маңызды. Қазіргі таңда ЖОО бітіргеннен кейін 1-ші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі институт бойынша түлектердің жалпы санының78 пайызын құрап отыр.
Үшіншіден, институттың қазіргі әлеуетін анықтайтын тағы бір маңызды көрсеткіштехнологиялық инфрақұрылыммен тығыз байланысты. Институттар технологиялық базасы заманауи жабдықтар мен зертханалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс. Институмызда соңғы жылдары бірнеше дәрісханалар ашылды: «Абырой» мемлекеттік қызмет мектебі;«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша мамандандырылған дәрісхана; философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Қожамберлиев атындағы дәрісхана;философия ғылымдарының кандидаты, Құрметті профессорО.Бермаханов атындағы дәрісхана; сот саласының ардагеріТ.Өміржанов атындағы «Алқа билер кеңесі» орталығы; «ҚР Азаматтық құқығы» дәрісханасы. Институт осы жоғары технологиялық аудиториялар мен эксперименттік алаңдарды құрып, жаңа ғылыми бағыттар мен жобаларды жүзеге асыруда пайдаланады.
Төртіншіден, халықаралық ынтымақтастық бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар ғылыми әлеуетіміздің дамуына серпін береді. Институт тұрақты түрде шетелдік университеттермен және ғылыми ұйымдармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Бұл халықаралық тәжірибені оқу және ғылыми үдеріске енгізуге мүмкіндік береді. 2024-25оқу жылының 2 академиялық кезеңінде Ресей халықтар достығы университеті (РУДН) профессоры, заң ғылымдарының докторы Л.А.Букалерова «Криминология» курсынан дәріс жүргізеді.
Институттармен ғылыми-зерттеу ұйымдарының негізгі миссиясына білім мен ғылымды дамыту, жаңа инновациялық технологияларды енгізу, қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру және әлемдік ғылыми қауымдастыққа үлес қосу жатады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту кез келген институттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Өйткені бұл процесс елдің ғылыми және техникалық әлеуетін нығайтуға, жаңа шешімдер мен технологияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Экономика және құқық институты көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті дамытуға ықпал ете отырып, жоғары білікті мамандарды қалыптастыруға және экономика және құқық саласындағы белсенді ғылыми қызметке бағытталған серпінді білім беру және ғылыми кеңістік құруды негізгі миссия ретінде белгілеп отыр. Миссия қатарында белсенді ғылыми қызметке ықпал ету, экономика және құқық саласында жоғары сапалы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ инновациялық жобаларды қолдау да бар.
Институт профессор-оқытушылары патент пен авторлық куәлік иегерлері болып табылады.Институтымыздың қызметкерлері М.Ө. Насимов, А.Ш. Абдимомынова, Б.К. Нурмаганбетованың авторлық құқықтарға ие болуы олардың инновация және зияткерлік үлесті жақтайтынын көрсетеді.Бұл ғалымдарымыздың құзыреттілігін көрсетіп қана қоймай, инстутутымыздың академиялық және кәсіби ортасының құндылығын арттырады. Студенттерге озық зерттеулер және шығармашылықпен айналысатын тәжірибелі мамандардан білім алуға мүмкіндік береді.
Осы уақытқа дейін қызметкерлер мен білім алушылар іске асырған стартап жобаларының саны екеуге жетті. Қызметкерлердің де, студенттердің де стартап жобаларын әзірлеуі және жүзеге асыруы институтымыз үшін маңызды жетістік болып табылады. Бүгінгі таңдағы екі сәтті стартап-жоба институттың инновацияға көңіл бөлуін және оның кәсіпкерлік дағдыларды дамытудағы рөлін көрсетеді. Осы бағытта жұмыс жасап жатқан қаржы, есеп және аудит БББ-ның студенттеріС. Урикбаев, Д. Цойды ерекше атағымыз келеді. Бұл жобалар студенттердің болашақ дамуы мен инновацияға жол ашып, ғылыми ынтымақтастықты ілгерілетуі ықтимал.
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын,40 жасқа дейін қоса алғандағы профессор-оқытушылар құрамы гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобалар конкурстарына тұрақты түрде қатысады. Ғылыми жобаларға тұрақты түрде қатысатын қызметкерлер:Ж.О.Әбікенов, М.Ө.Насимов, А.Р.Кубенова, А.С.Карбозова. А.Ш. Абдимомынова, Қ.Н. Бекетова әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткен ғалымдарымыз. Осы уақытқа дейін Басқарма Төрағасы-Ректордың жас ғалымдарға берілетін гранттық қаржыландыруын 4 докторантымыз иеленді.
Қазіргі таңда Институт профессор-оқытушылар құрамының «Scopus» библиографиялық және реферативтік базасында индекстелетін журналдарда32,Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміндегі журналда98 мақаласы жарияланған. Ресейлік ғылыми сілтемелеу индексі (РҒСИ (РИНЦ)) базасында индекстелетін журналдарда да мақалалар жарияланып тұрады. Сонымен қатар, соңғы бес жылда 3 монография, 10оқу құралы жарияланды.
«Scopus» базасында индекстелетін журналдарда жарияланған мақалалар арқылы философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясы ғалымдары 17 Тұрақты даму мақсаттарын дамытуда өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда 1 бағыт – Кедейлікті жою бойынша 1; 3 бағыт – Жақсы денсаулық және әл-ауқат бойынша 2; 4 бағыт – Сапалы білім беру бойынша 2; 5 бағыт – Гендерлік теңдік бойынша 2; 8 бағыт – Лайықты жұмыс және экономикалық өсу бойынша 1; 10 бағыт – Теңсіздікті қысқарту бойынша 1; 16 бағыт – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар бойынша 1; 17 бағыт – Тұрақты даму үшін серіктестік бойынша 4 мақала жариялаған.
Институттың ғылыми-зерттеу бағыттары мен жобалары тек ғылыми саладағы жаңалықтар мен жетістіктерді ғана емес, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына, құқықтық реформаларға, экологиялық тұрақтылыққа және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге де маңызды ықпал етеді. Ғылыми-зерттеу жобаларының іске асырылуы түрлі салаларда ғылыми білімнің дамуына, инновациялар мен жаңа технологиялардың енгізілуіне негізделеді. Мұндай жобалардың қоғам мен экономикаға, сондай-ақ құқықтық салаға ықпалы үлкен.
Қазіргі таңда ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша кірістер көлемі96 миллион теңгеге жетті. Ж.О.Әбікеновтің жетекшілігімен 2 жоба орындалып жатыр және келісім-шарт негізінде «Экономика және басқару» БББ профессор-оқытушылары зерттеулермен айналысуда.
Институттың философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясы 2023 жылдан бастап ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландырылатын 2 ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр: Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтар үдерістерін мәдени талдау; Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың этникалық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау. Екі жобаның ғылыми жетекшісі «Мәдениеттану» мамандығы бойынша PhD, философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер секциясының жетекшісі Ж.О. Әбікенов. Секциядан зерттеу тобына саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты М.Б. Сыздықова енеді.
AP19577138 «Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтар үдерістерін мәдени талдау» жобасының мақсатына Қазақстанның қазіргі мәдениетіндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтар үдерісін мәдени зерттеу және Қазақстан қоғамының дәстүрлі және инновациялық құндылықтарының мәдени мазмұнын анықтау және аксиологиялық және семиотикалық талдау жатады. Ал, AP19677146 «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың этникалық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау» тақырыбындағы ғылыми жобасының мақсаты қазіргі қазақстандық өзге ұлт өкілдерінің этникалық бірегейлену үдерістерінпәнаралық байланыста аксиологиялық және кросс-мәдени тұрғыдан және Қазақстан қоғамындағы этникалық азшылықтардың бірегейлену үдерістерін аксиологиялық және кросс-мәдени тұрғыда кешенді зерттеуді көздейді.
Соңғы 2 жыл ішінде екі жобаның зерттеу тобы ғылыми нәтижелерді академиялық қауымдастыққа таныстырып үлгерді. Мәселен, «Scopus» базасында индекстелетін журналдарда3; Комитет тізіміндегі журналдарда 15 мақала жарық көрді. Сондай-ақ, 1 монография шықты. Қазақстанның оңтүстігінде несие және бөліп төлеу арқылы өмір сүру мәселесі талданған М.Ө. Насимовтың дербес авторлықтағы мақаласы «Scopus» базасында индекстелетін болгариялық «Population and Economics» журналында алдағы уақытта жарияланатын болады.2024 жылы жобаның зерттеу тобы республикалық, облыстық баспасөз ақпарат құралдарына сұхбат беріп, көптеген мақалалары жарық көрді. Атқарылған жұмыстар ақпарат түрінде түрлі ақпараттық сайттарда көрініс тапты. Мәселен, М.Ө. Насимовтың «Қазақпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіне«Инновациялық құндылықтарды қалай түсінеміз»тақырыбында берген сұхбатын ерекше атап өтуімізге болады. Сонымен қатар, жыл бойы зерттеп жүрген мәселелерге қатысты тұжырымдар жариялануда.
Институт студенттерге арналған үйірмелер мен клубтарды белсенді түрде дамытуға үлес қосуда. Қазіргі таңда институтта«Жас заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесі, «Шамшырақ», «Қаржыгер» үйірмелері жұмыс жасауда. «Құқықтану»білім беру бағдарламасының «Жас заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесініңжетекшісі,заң ғылымдарының кандидаты Ш.Р. Жумагулова. Үйірме жетекшісі«Заң заңғарлары» атты университетішілік «Құқық» бағытындағы білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер арасында ғылыми-танымдық байқау; Парламент Мәжілісі және маслихат депутаттарын сайлауға «Дауыс беруге арналған 1 күндік» рөлдік ойыны; «Дильмаш» студенттер жатаханасында «Заңды білу -заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел; «Ғылым мен білімнің цифрлық трансформациясы тұрақты және инновациялық даму жолында» атты XXV ғылыми конференция; М.М. Матаевтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Жаңа Қазақстан: мемлекеттің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жүйелерін дамытудың өзекті тенденциялары» атты студенттер арасындағы республикалық ғылыми-тәжіребиелік конференция; «Менің елімнің жетістіктері: кеше және бүгін» атты университетішілік құқық бағытында оқитын оқу топтарының арасында 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырылған бейнероликтер байқау және «Жастар және заң: құқықтық білімнің маңызы» интелектуалды-танымдық сайысын өткізді.
«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы бойынша «Шамшырақ» үйірмесі А.Ғ. Тоқмырзаеважетекшілігімен жұмыс жасайды. Үйірме «қайырылымдылық қоржынына» түскен қаражат жағдайы төмен отбасыларға үйлестіріп береді.«Oqyrman club» университет студенттері арасындағы оқырмандар қауымдастығы бар.«Oqyrman club» 40-қа жуық оқырман кітап талдауларын өткізді. 9 айда 6 кездесу ұйымдастырылып, 6 кітап талқыланды.Аталмыш үйірмелер студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуға, ғылыми мақалалар жариялауға және конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді. Студенттер тәжірибелік және теориялық зерттеулерге қатыса отырып, тәжірибелі ғылыми жетекшілермен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Институт білім алушылары көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. «Экономика» БББ 1 магистранты, «Құқықтану» БББ 2 студенті, «Есеп және аудит» БББ 3 студенті өткен жылдың 10-26 сәуір аралығындаБішкек қаласындағы Қырғыз ұлттық университетінде қысқа мерзімді курстарға қатысты.«Есеп және аудит» мамандығының студентіА. Лаубаева Эрасмуз+ бағдарламасы негізінде 2024 жылдың 13 қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.
Экономика және құқық институты ғылыми мектептерді дамыту, заманауи зерттеу әдістерін енгізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы ғылыми әлеуетін одан әрі нығайтуға ұмтылады.
Гүлшат Дүзелбаева,
экономика ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институтының директоры
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!