Сейсенбі, 23 сәуiр, 18:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Оқушыларға қолайлы жағдай жасау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет

03.05.2023

597 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы №257 орта мектебінің ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді.

Кеңесте бөлім басшысы оқушыларға қолайлы жағдай жасып, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолайлы білім алу керек екенін айтты. Сонымен қатар, мектеп бітіру рәсіміне ақша жинамау керек екенін қатаң тапсырды. Мектеп директоры Гүлмира Камалқызы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

Жалпы 2022-2023 оқу жылында мектепте 56 сынып комплектісі бойынша 1301 оқушы білім алуда. Мектеп құрамында барлығы 154 мұғалім, оның 35 Педагог зерттеуші – 35, 63- Педагог-сарапшы, Педагог модератор – 23, 1 санатты – 1, 2 санатты – 6 мұғалім оқушыларға білім беруде.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада бойынша 2022-2023 оқу жылында 5 оқушы, 5-6 сынып бойынша 1 оқушы жүлделі орынға ие болды. Республикалық 7-8 сыныптар арасындағы юниорлық олимпиаданың қалалық кезеңінде 4 оқушы топ жарып, жүлделі орынға ие болған.

Сонымен қатар, еркін күрестен Темірбек Иманғали Азия чемионы атанса, Ташкент қаласында ұйымдастырылған «Біз бақытты баламыз» байқауында вокал бағыты бойынша Тілепбай Аяулым жүлделі ІІ орынға ие болған.

Сонымен қатар жиында мұғалімдердің сағат жүктемесі мәселесі талқыланды. Ерлан Теңізбайұлы мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: