Жексенбі, 24 қараша, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

30.09.2023

766 0

№219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар жұмысы өткізілді.

Семинардың мақсаты- информатика пәні мұғалімдерінің инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушыларды оқытудағы шығармашылық жұмыстарын насихаттау, озық тәжірибелерді жинақтау және әдістемелік көмек көрсету болып табылды.

Барлық қатысушыларға мектеп психологі тимбилдинг жұмысын жүргізіп, мектеп жұмыстарымен таныстыру мақсатында көрме жұмысы көрсетіліп, музейге саяхат жасалды.

Бағдарламаға сәйкес әртүрлі тақырыптардағы 2 шеберлік сынып, 2 панорамалық сабақ және 1 коучинг жүргізілді. Салалық байланыс жұмыстарын күшейту мақсатында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тілеубай Сәрсен Шайкамалқызы қонақ ретінде шақыртылып, «Инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында лекция оқыды.

Семинар жұмысы қатысушылармен тиімді кері байланыс жасалып, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Шиелі білім бөлімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: