Сейсенбі, 15 сәуiр, 13:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Эссе жаздыртудың жолдары

07.04.2025

359 0

Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым-қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асырудың, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түрі болып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы – келешек маман, ол қандай салада болсын өзінің шешеімі мен тұжырымын сауатты бере алатын маман болуы тиіс. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады.

    Эссе дегеніміз (фр. тіл. Essai-тәжірибе, лат. m.exagium – құрау) – философиялық, әдеби,тарихи,публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық  мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580ж. Мишель Монтен болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1557 ж. Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

        Эссе мақсаты – эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелігін реттеу, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді қолдану.

        Эссе жазу тәртібі әдетте үш қадамнан тұрады. Кез келген жазбаша жұмыс секілді эсседе де кіріспе бөлім болады. Жақсы  жазылған кіріспе оқырманның қызығушылығын оятып, эссені аяғына дейін оқуға  қызықтырады. Кіріспе бөлімде мәселенің тұжырымдамасы және оның маңызы, риторикалық сұрақ, дәйексөз  болуы мүмкін.

       Негізгі бөлім – эссенің ең көлемді бөлігі. Басты бөлімде қарастырылып отырған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар келтіріп, мәселенің тарихын қозғауға болады. Әдетте негізгі  бөлім әрқайсысында  үш бөлім болатын бірнеше тармақшалардан тұрады: тезис (дәлелді пікір), дәлелдеу. Дәлелдер оқырманды қандай да бір көзқарастың шынайылығына сендіру үшін айтылған пікірлер болып табылады. Бұл өмірден алынған жағдайлар, ғалымдардың пікірі, дәлелдемелер болуы мүмкін.

Дәлелдемелер келесі ретпен жасалуы мүмкін:

Пайымдау.

Түсіндіру.

Мысал.

Қорытынды пікір.

Тұжырым.

    Қорытындыда негізгі бөлімде ұсынылған және әр тезис бойынша тоқталған барлық тұжырымдар біріктіріледі. Ал оқырман берілген дәлелдер негізінде қисынды қорытындыға келуі керек. Соңында, мәселе қайта қайталанады және қорытынды шешім жасалады. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Егер кіріспе бөлімнің мақсаты оқырман қызығушылығын тудыру болса, онда соңғы сөйлемдердің  мақсаты жалпы суретке (ой) тұтастық қосып, жұмысты оқырманның есінде қалдыру және ойлануға итермелеу болып табылады. Алғашында оқушыларды эссе жазуға үйрету үшін еркін тақырыптан бастаған жөн деп ойлаймын. Эсседе ең бастысы тезистік пікірдің болуы керек. Егер тезистік пікір тақырыпқа сәйкес болмаса немесе жүйесіз құрылса, эссе әрі қарай оқылмайды да, бағаланбайды да.  Ал еркін тақырыпқа тезистік пікір жазу шығарма жазғаннан жеңіл. Алдымен эссенің тақырыбына ассоцациация құрып, жалпы түсінік қалыптастыру керек. Тақырып туралы не білесің, на ойлайсың, осы туралы жазғанда тезистік пікір шығады. Келесі кезекте әрбір ұсынылған ақпаратқа дәлелдер мен мысалдар жазылуы тиіс. Бұл негізгі бөлімді құрайды. Қорытынды бөлім «эссемді қорытындылай келе», «сөзімнің соңында» деген сияқты түйіндеуге арналған сөздермен басталуы тиіс. Қорытынды бөлімде жаңа ойдың болмауы шарт. Соңғы бөлімде тек қана негізгі бөлімде қозғаған ойыңнан нәтиже шығару керек немесе ұсыныс білдіруге болады.

        Эссе түрлері:

  1. Сипаттамалық
  2. Анықтамалық
  3. Хабарламалық
  4. Салыстырмалы немесе кереғар
  5. Дәлелдеме
  6. Аргументтік
  7. Әдеби

Сиапттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың немесе дебаттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сиаптталған затты елестеткізеді.

  1. Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер,терминдер арқылы берілген сөздердің мағынасын ашу.
  2. Хабарлама эссе субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі.
  3. Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу.
  4. Дәлелдемелік эссенің мақсаты айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.
  5. Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.
  6. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Ол әдеби шығармаларға негізделген. Автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Әдеби эссе – эссе түрлерінің ішіндегі ең күрделісі. Ол жазылу мақсатын қарай әдеби-талдау эссе, әдеби-сын, әдеби-дәлелдеме,әдеби –салыстырмалы, әдеби-

шығармашылық эссе болып бөлінеді.

     Авторлық жобамды 3 тарауға бөліп қарастырдым. Бірінші тарауда «Эссе құрылымы», «Эссені ерекшеліктері , түрлері», «Эссе белгілер» атты бөлімшелерге бөлдім.

      Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды.

Ибраева Айгерим Сахиевна

Қызылорда облысы білім басқармасы

« № 187 М.Шоқай атындағы  ІТ мектеп-лицейі»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: