Сенбі, 18 мамыр, 23:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

«Барлығы да поэзия сен үшін»

09.02.2024

157 0

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте 9-ақпан ақиық ақын “Барлығы да поэзия сен үшін”, – деп әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һәм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби сазды кеш өткізілді.

Кеш Мұқағали мен Фаризаның әдемі жыр жолдарымен басталып, өмірінен көрініс қойылып, оқушылар өлеңдерін тебірене шырқап, ақын өлеңдеріне жазылған “Мен деп ойла”, “Отаным”, “Сарыжайлау”, “Бақыт деген…” әндері шырқалды. Бұл әдеби-сазды кештің мақсаты Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету! Мұқағали, жүрегі сезім мен сенімге толы қазақ жастарымен жасай бермек!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: