Жұма, 04 қазан, 08:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Лицензиялау сапаны күшейте ме?

31.07.2022

1428 0

Білім сапасын арттыру маңызды мәселе. Бұл –

бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан балалар заманауи ғимаратта білім алуы қажет. Осыған орай жаңа оқу жылында аймақта 9 мектеп пайдалануға беріледі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов пен облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова білім саласындағы жаңалықты жеткізді.

– Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінде өңірдегі 439 жекеменшік балабақшада 29868 бала тәрбиеленуде. Аталған ұйымдардың 52 пайызы ауылдық жерде орналасса, 48 пайызы қалалық және аудан орталықтарында жұмыс істеуде. Жоғарыда аталған сандық мәліметтерден-ақ облыстағы 1-6 жас аралығындағы балалар­ды мектепке дейінгі ұйыммен қамтуда жеке­меншік балабақшалардың үлесінің айтар­лықтай екендігін көруге болады. Биыл бір балаға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі қалалық жерде 9 сағаттық топтар үшін – 47,4 мың теңге төленеді. Сонымен қатар жаңа оқу жылында облыстағы 311 мектепте 180 мыңнан астам оқушы білім алады деп жоспарлануда. Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 4 087-ге артатын болады. Ал жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 18 мыңға жуық бала қабылданады деп күтілуде,  – деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар жаңа оқу жылын 1 қыр­күйекте бастап 31 мамырда аяқтау жос­парлануда. Зерттеулерге сүйенсек, 31 мамырға дейінгі оқу – оқушыларға қосымша білім алуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Өйткені күнделікті сабақтар аз болады, ал мұғалімдердің кәсіби дамуға уақыты артады дейді-мыс.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету де бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан да балабақшаларда қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді. Лицензиялау тәртібін қайта қарап, тәртіпті күшейту қажет. Брифинг барысында облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Дәулетова мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялауға байланысты бірқатар мәселеге тоқталды.

– Лицензия алу кезінде мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік, сондай-ақ жеке мен­шік ұйымдар үшін бірыңғай ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы тиіс. Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда лицензиялауды енгізу бойынша тиісті жұмыстарды бастады. Ең алдымен заңнамада белгіленген тәртіппен енгізілетін лицензиялаудың талаптарына талдау жүр­гізіледі. Содан кейін тиісті заң жобасы әзір­ленеді. Яғни лицензиялауға қойылатын бастапқы талаптар нарықтың нақты шарттары мен мүмкіндіктерін ескеретін болады. Қазіргі уақытта басты мәселе – мектепке дейінгі білім беру сапасы. Әрине, лицензиялау са­паны қамтамасыз етудің жалғыз жолы емес. Министрлік сапаны қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар кешенін қабылдауда және лицензиялау – сол шаралардың бірі. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беруді кезең-кезеңімен лицензиялау жоспарлануда, – деді облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

 Аймақта 674 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның 237-сі – мемлекеттік, 437-сі – жекеменшік. Мектепке дейінгі білім берумен 58 955 бала қамтылған. Барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қойылатын талаптардың ең төменгі деңгейі сақталған. Сондықтан да лицензиялау та­лаптарына сәйкес келеді деп айтуға болады.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: