Сейсенбі, 23 шiлде, 14:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Мен адам саудасына қарсымын!» атты ақпараттық науқаны өтуде

31.07.2023

268 0

            2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен 30 шілде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні болып бекітілді.  

            Халықаралық бастамашылықты қолдауда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, «Шағын кәсіпкерлер әйелдерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мамандарымен бірлесіп, 29 шілде күні «Aray City Mall» сауда ойын-сауық орталығында «Мен адам саудасына қарсымын!» атты ақпараттық науқанын жүргізді.

            ​Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын адам саудасының алдын алу және оған қарсы күрес туралы хабардар ету, сақтық қағидаларымен таныстыру арқылы адам саудасының құрбаны болмауға ықпал жасау. 

            Іс-шара барысында тақырыптық буклеттер, жапсырмалар, іс-әрекеттер алгоритмі, сондай-ақ, байланыс нөмірлері көрсетілген жадынамалар мен плакаттар ілініп, іс-шара соңында жиынға қатысқан қатысушыларға сыйлық – акция серіктестерінің логотиптері көрсетілген кепка және қаламсап, блокноттар таратылды.

            Науқан өз жалғасын тауып, адамдар көп шоғырланған жерлерде – саябақтарда, теміржол вокзалы, автовокзал, туристік фирмалар, базарлар мен сауда үйлерінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: