Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектепке қандай киім киген дұрыс?

06.06.2023

1460 0

Мектеп формасының болғаны дұрыс па? Барлық оқушының бірыңғай киінуінің қандай пайдасы бар? Бұл тақырып теледидар мен радио бағдарламаларда сан рет талқыланған болатын. Тіпті бұған дейін де газетте сан рет жазылды.
Аталған тақырыпқа қатысты еш нәрсе білмейтіндіктен, интернет беттерінен түрлі материал мен психолог мамандардың кітабын оқып шықтым. Мұның ең басты себебі тәртіп екен. Ал ең басты дәйек ‒ балалардың құқығын шектеуге қарсылық.
Біздің ата-анамыздың, мектеп директорының, ұстаздарымыздың заманында қалай болды? Олар қара көйлек пен ақ фартук тағып, шашына ақ бантик байлап жүретін. Мұнымен қатар образдарын ақ гольфимен толықтыруды ұмытпайтын. Аналарымыз формасын қысқарғанша киіп, артынша сіңлісіне көзінің қарашығындай табыстайтын.Үлкендердің айтуынша, кейде тіпті түске дейін бірі, түстен кейін екіншісі кезектестіріп киетін кездері болған. Ал 2000 жылдары ақ кеудеше мен қара түсті белдемше кию керек болды. Бұдан кейін де түрліше ауысты.
‒ Оқушылар бірдей киім кию арқылы өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының нашар екенін жасыра алады. Ал оқушы үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмен болуы дене мүшесінің бір бөлігін кесіп алғандай әсер етеді. Өзге сыныптастарынан өзін төмен санауға мәжбүр болады. Сол себепті де барлық оқушы бірдей киім кигені дұрыс,‒ дейді № 3 мектеп мұғалімі Елмұрат Жанар.
Тарихқа үңілсек, мектеп формасы Ресейде алғаш 1834 жылы енгізілген екен. Алғашында гимназияда оқитындар мен студент жігіттерге арналып тігілгенімен, кейін 1896 жылдан бастап қыздар да форма кие бастайды. Жоғары сапалы матадан тігілген форма өте сәнді көрінетіндігімен бірге, оны кию гимназист немесе студент үшін зор мақтаныш та болатын.
‒ Мектеп формасы дегеніміз – бұл оқушының киім стилі. Заманауи тілмен айтсақ, дресс код. Осы орайда «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген нақыл әсте тегін айтылмаса керек. Қарапайым киім киюдің өзінің де әдебі бар. Мамандар әсіресе оқушының мектеп формасының өзінен сол елдің мәдениетінің деңгейін байқауға болатынын айтады,‒ дейді ата-ана Лена Молдахметова. Әлеуметтік теңдікті сақтау үшін де мектеп формасы керек. Қазір кейбір білім ұяларында өздеріне ыңғайлаған киімдері бар. Дегенмен министрліктегілер бір түсті (қара шалбар, ақ көйлек) киім үлгісіне рұқсат бергенін де айта кету керек.

Ақтоты ЖҰМАБЕКОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: