Жұма, 19 сәуiр, 10:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық мерекеде 55 сәби дүниеге келді

27.10.2022

841 0

Республика күнінде Сыр өңірінде 1 тәулікте облыс бойынша 55 сәби дүниеге келді. Олардың 38-і ұл, 17-сі қыз бала. 

Облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Сәбит Пазылов облыс­тық перинаталдық орталығында ұлттық мерекеде босанған жас аналарды құттықтады.

 – Біз үшін ең бастысы – нәресте мен ана денсаулығының мықты болуы. Мереке күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау болуымен қатар айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын! –  деген ізгі тілегін жеткізді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Сондай-ақ  әрбір анаға жаңа туған сәби күті­міне арналған қобдиша сыйлады.

Жас аналар оларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын  жеткізді. Қазіргі таңда сәбилер мен аналардың денсаулықтары жақсы.

Айта кетейік, мереке күні босанған жас ана­ларды құттықтау шарасы аудандарда да жалғасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: