Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мектепте балаларға тамақтың қалдығы берілген

20.05.2024

294 0

Сурет:yassy-tur.kz/

Ақмола облысында ауыл тұрғыны мектепте балаларға тамақтың қалдығы берілгенін айтты. Мектеп әкімшілігі бұл мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Ауыл тұрғыны Меруерт Құлағанова №1 мектепте жұмыс істеген көрінеді. Nayza Kokshe мәліметінше, былтыр қыркүйектен биыл сәуірге дейін жалға алушылар тамақтың қалдығын жинаған. Оларды тоңазытқышта сақтап, екінші ауысымдағы оқушыларға берген. 

Меруерт Құлағанованың сөзінше, кәсіпкер жалақы бермеген, зейнетақы аударымдарын түсірмеген. Одан бөлек, балалардың денсаулығына күн сайын қауіп төнген. Меруерт прокуратураға шағымданғанымен шара қабылданбаған көрінеді. 

Зеренді ауылының №1 ЖОББМ КММ әкімшілігі бұл жазбаға қатысты пікір білдірді. Олардың сөзінше, СЭС қызметкерлері тексеріс барысында ешқандай заңбұзушылық анықтамаған. 

«Балаларға, әсіресе жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға берілетін тамақ үнемі бақылауда. Азық-түлік жіті тексерістен өтеді. Тұрақты тексерулер стандарттарға сәйкестігін растайды. Асханада балалардың қажеттіліктері ескеріліп, ыстық тамақ беріледі. Дұрыс тамақ берілмеді деген айыптаулар негізсіз», – дейді мектеп әкімшілігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: