Бейсенбі, 02 мамыр, 04:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мектептегі жарылыстан жұмысшыларды күйік шалып, екі қыз 3 қабаттан секірген

20.09.2023

447 0

17-ші қыркүйек күні түңгі 1-лер шамасында Тараз қаласындағы №44 мектептің кабинетінде өрт шығып, жалпы саны 7 құрылысшы зардап шекті. Оның екеуі терапия бөлімінде емделіп жатыр. Ал қызыл жалыннан қатты қорыққан 21 және 22 жастағы бой жеткендер үшінші қабаттан секіріп кеткен. Алайда арада 3 күн өтсе де, қабырғалары мен аяқтары сынған құрылысшыларға ота жасалмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Жұмысшылардың сөзінше сол күні кабинетте 10 адам болған. Кенет олардың бірі бояу құтысын қайшымен ашып жатқанда искра шығып, бөлмені жалын жайпаған. Не істерін білмеген құрылысшылар жан жаққа қашыпты. Ал шарасыз күй кешкен екі бойжеткен терезеден секіріп кеткен.

Сол түні қалалық ауруханаға 7 адам түскен. 3-інің жарақаттары жеңіл. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылыпты. Қалған 2-ітерапия бөлімінде емделіп жатыр. Бүгін-ертең жаралары жазылады дейді дәрігерлер. Ал үшінші қабаттан жерге құлаған қыздардың жағдайлары ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде.

«Қабырғалары, омыртқалары және бір аяғы сынған. Сондықтан қазір оны жылжытып Астанаға ұшақ арқылы салып жіберуге болмайды. Сол себепті сол жақтың мамандарыкеліп осында Тараз қаласында отажасамақшы», – дейді Тараз қалалық №1 аурухана Бас дәрігерінің орынбасары Сәкен Жұмашев. 

Ал ашулы ата-аналар бүгін аурухана алдына барып шу шығарды. Өйткені №44-ші мектептегі маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары әлі бітпеген. Жоспар бойынша қазан айында ашуылуы тиіс. Сондықтан мердігерлер істі тез аяқтау үшін оларды түнгі жұмысқа тартқан дейді. Асығыстықтың салдарынан қауіпсіздік талаптарын ешкім елемеген деп күйінеді. 

«Түнгі уақытта олардың жұмыс істегені дұрыс емес қой. Жұмыс деген кешкі сағат 6-да бітукерек. Әкімдік айтқан шығар енді мердігерге. Сен бітіруің керек мынанша күнде. Ол кісі барып жұмысшыларға айтады. Біз осыншакүнде бітіруімсіз керек 4 күнде деп», – дейді терезеден құлаған Г.Иөребекованың анасы Салима Нарымбетова.

Қыздардың жақындары олардың болашағы үшін алаңдайды. Қазірдің өзінде бірнеше уақытқа жұмысқа жарамсыз болып қалды. Ал ең ашуға тиетіні жергілікті дәрігерлер оқыс оқиға өткелі бірнеше күн болса да түк тындырмаған деп отыр. Сөздерінше жұмысшылардың жағдайын сұрап облыс әкімі бастаған басқарма басшылары да келіпті. Шенеуніктер оларға ота жасау үшін Астанадан арнайы мамандар алдыртамыз деген екен. Алайда ақ халаттылар әлі келмеді. 

«Әлі осы күнге дейін ешқандай көмек көрсетілмеді. Облыстық әкімдік келіп, жақсылап көмектесеміз, аяқтан тұрғызамыз деген. Дегенмен, әлі өзгеріс жоқ. Қыздарымыздың жағдайы қалай болады енді? Мүгедек болып қалуы мүмкін ғой!», – дейді терезеден құлаған Таңшолпан А. әпкесі Жадыра Әбдірахманова.

Науқастардың денсаулығы әзірге қалай болары белгісіз. Барлығы отадан кейін анықталады. Осы жағдайға қатысты сұқбат берген Тараз қаласының әкімі зардап шеккендердің шығынан түгел мердігер компания мойнына алатынын айтты.

«Өрттің шығу себебі қазір анықталып жатыр. Себеп-салдарының барлығы сараптамадан кейін белгілі болады. Бұл жерде түнде жұмыс істеу мәселесі бойынша ешқандай кедергілер мен шектеу жоқ. Бұл жерде өрт қауіпсіздігі бойынша мәселе туындап отыр. Ал мердігер жауапкершіліктен қашып отырған жоқ. Өзім сөйлестім. Зардап шеккен азаматтарға толық көмек көрсетуге дайын», – дейді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.

Қазір жарылыс болған мектептегі құрылыс жұмыстары қылмыстық іс қозғалғанына байланысты тоқтап тұр. Осы жағдайға қатысты денсаулық басқармасы да түсініктеме берді. Бас қаладан келетін дәрігерлер дүйсенбі күні Таразда болып, операция жасайды деді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: