Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Оқушы баланы мектеп баспалдағынан итеріп жіберген

25.09.2023

408 0

Елорданың білім басқармасы өкілдері бір күн бұрын баспалдақтан құлап кеткен оқушының жағдайына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Білім басқармасының өкілдері мәліметінше, Астанадағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп жатқанда баспалдақтан құлап кеткен.

«Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында жатыр. Есін жиды, жағдайы тұрақты. Ол комаға түскен жоқ», – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Білім саласының қызметкерлерінің айтуынша, мектеп баспалдақтарынада қоршау бар. Қазір департамент өкілдері мектеп директорына қатысты шара қолдануды қарастырып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: