Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушыларға жазда 42 500 теңге төленеді – ол үшін не істеу керек

18.06.2021

1762 0

Балалар мектеп аумағын жинауға, іс қағаздарын реттеуге көмектеседі, кітапханада жұмыс істейді.
Орал қаласында жоғары сыныптардың 700 оқушысы жұмыспен қамтылды. Оларға айына 42 500 теңге төленеді, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Қалалық білім бөлімі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру секторының меңгерушісі Жазира Рысқазиева заңға сәйкес жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жазғы демалыста қоғамдық жұмыстарға қатыса алатынын атап өтті.
«Осылайша 10 мен 11 сыныптарға көшкен балалар жаз айларында мектепте жұмыс істеп, ақша таба алады. Бүгінгі таңда тізімдер жасалды, 700 оқушы еніп отыр. Оқушылар мектеп аумағын жинауға, іс қағаздарына көмектеседі, кітапханада жұмыс істейді. Яғни олар ауыр жұмысқа жегілмеуі керек»,- деді Рысқазиева.
Айтуынша, 14 пен 16 жасқа дейінгі балалардың жұмысы аптасына 24 сағаттан, ал 16 мен 18 жасқа дейінгі оқушыларда 36 сағаттан аспауы керек.

«Оқушыларға айына 42 500 теңге жалақы төленеді. Мектеп оқушысы білім беру ұйымына тек «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы келісімшарт бойынша жұмысқа тұрады. Жұмыс уақыты кезінде балаға мектеп жауапты болады», – деді ол.
Басылымның ақпаратынша, Орал қаласында 51 мектеп бар, онда 52 мыңнан аса бала білім алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: