Атырау облысында оқушыны ұрған мұғалім мектеп директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде Атырау облысында мұғалімнің сабақ үстінде оқушыны балағаттап жатқан видеосы тараған еді. Қолданушылардың айтуынша, оқиға өткен жылы болған.
Қазір бұл мұғалім сол мектептің директоры болды. Облыстық білім басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«2024 жылдың 4 қарашасында конкурс қорытындысы бойынша С.Т. Жұпарғалиев Қадыр Мырза Әли атындағы мектептің директоры болып тағайындалды. Мәлімдемеде оның білім саласында 35 жылдық тәжірибесі бар екені нақтыланады. Тағайындау кезінде ата-анадан да, әріптестерден де түсініктеме берілген жоқ. Байқау белгіленген талаптарға сай өтті”, – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!