Жұма, 27 желтоқсан, 08:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Отандық ғалымдардың этникалық бірегейлікке қатысты пікіріне талдау жасалды

30.01.2024

915 0

Қызылорда «Болашақ» университетіндегі ғылым жылы аясында оқу орнының құқықтану және қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө. Насимов университеттің «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері мен пән оқытушыларына «Этникалық бірегейлік жөніндегі отандық ғалымдар көзқарастары» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Зерттеуші дәріс материалдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырып отырған «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі этникалық азшылықтардың этникалық бірегейлену үдерістерін кросс-мәдени және аксиологиялық талдау» ғылыми жобасы аясында алынған нәтижелер екендігін баяндады.

Ашық дәріс қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы отандық ғалымдардың көзқарастары, теориялары мен зерттеу нәтижелерін талқылауды қамтыды. Сөз басында баяндамашы адамның шығу тегі, мәдени мұра, тіл, әдет-ғұрып және белгілі бір топқа жату сезімі секілді факторларды қамтитын күрделі құрылым этникалық бірегейліктің нақты анықтамасын беретіндігін айтты. Тарихи басымдықтарды негізге алған зерттеуші ғылыми көзқарастарға әсер еткен негізгі тарихи оқиғалар мен әлеуметтік өзгерістерге назар аударып, этникалық бірегейлікті түсіну уақыт өте келе қалай дамығанын талқылады. Этникалық бірегейлік өзгермелі жағдайларға бейімделетін динамикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда құрылған тұжырымдама идеясына мән берілді. Заманауи сын-қатерлер шарттарында жаһандану, көші-қон және көпмәдениеттіліктің қазіргі әлемде этникалық бірегейліктің қалыптасуы мен сақталуына әсері белгіленді. Отандық ғалымдар жүргізген зерттеулер мәдени әралуандылық пен әлеуметтік келісімге қатысты саясатқа ықпалы талқыланды.

Сөз соңында баяндамашы ғалымдардың этникалық бірегейлік туралы көзқарастарының жан-жақтылығы бірегейлікті қалыптастырудың күрделі сипатын көрсететіндігін айтты. Этникалық бірегейлікті әлеуметтік конструктивистік тұрғыдан қарастырып, ұғымды әлеуметтік, тарихи және мәдени процестердің жемісі ретінде анықтады. Саяси процестер қақтығыстар, ұлттық құрылыс жағдайында этникалық бірегейлікті құруға және манипуляциялауға ықпал ететіндігін де мәлім болды. Этникалық бірегейлік жөніндегі отандық ғалымдар көзқарастарын жүйелеу түсінікке қатысты тұжырымдардың пәнаралық сипатын байқатты.

«Болашақ» ҒЗИ директорының осы ашық дәрісі студенттерді түрлі ғылыми көзқарастармен таныстыруға, сыни тұрғыдан ойлауға және отандық зерттеушілердің көзқарасы арқылы этникалық бірегейліктің күрделі табиғатын тереңірек түсінуге ықпал етті.

«Болашақ» ғылыми-зерттеу институты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: