Жексенбі, 05 мамыр, 09:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Балабақшада балалардың үстіне шкаф құлады

02.02.2024

677 0

Сурет:baq.kz

Балабақшалардың бірінде төрт бүлдіршінге шкаф құлап, тәрбиеші жарақат алды. Оқиға Оралда орын алған деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқыс оқиға 1 ақпанда қаланың Солтүстік-шығыс шағынауданында «Сәби» балабақшасында орын алған.

Жедел жәрдем сағат 11.30-да шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жеткен. Шкаф құлап, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі – бала. Алдын ала мәлімет бойынша жамбасының жұмсақ тіні көгерген 1976 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін әйел амбулаториялық ем алуға жолданды. 2018 жылғы қыз балалардың денелері көгерген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында қаралғаннан кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді, – деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға орай Орал қаласы полиция басқармасы істің мән-жайын анықтау үстінде екенін мәлімдеді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ оқиғаға байланысты тәрбиеші жауапқа тартылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: