Сейсенбі, 31 желтоқсан, 02:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Отансүйгіштікке тәрбиелеу Әлия атындағы мектептен басталуы керек

18.05.2023

1010 0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы мен қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Орынша Міржақыпқызы Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп ұжымымен кезектен тыс пед кеңес өткізді.

Жиында мектеп директоры Гүлмира Расылқызы атқарылған жұмыстар мен мектептің даму жоспары жайында баяндама жасады.

2022-2023 оқу жылында мектеп іргетасынының қаланғанына 60 жыл және Әлия Молдағұлова есімі берілгеніне 30 жыл толуына орай қатар келген қос тойдың мерекелік кеші М. Ералиева атындағы мәдениет үйінде кең көлемде аталып өтті. Аймақ мектептері арасында «Ұлттық құндылықтарымыз-ұлтымыздың қорғаны» тақырыбында өткізілген дебат турнирінде І орын және «Үздік спикер» номинациясын, Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» қалалық пікірсайыс турнирінде ІІІ орын, облыстық пікірсайыс турнирінде 11 сынып оқушысы алтын белгі үміткері Нұрхан Аружан ІІІ орын және «Үздік спикер» номинациясын 11 сынып оқушысы алтын белгі үміткері Жұмағали Сагдиана иеленіп, Республикалық пікірсайыс турниріне жолдама алып, Республикалық пікірсайыс турнирінде Алғыс хатпен марапатталды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойы қарсаңында ұйымдастырылған «Қазақ халқының рухани көсемі» атты Ахмет шығармаларынан сахналық қойылым сайысына 7 сынып оқушылары қатысып жүлделі ІІІ орын алды. Оқушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын орта. Егер үйірменің жұмысы балалардың уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік берсе, денсаулығын шынықтырса нәтижелі болатыны сөзсіз. Бүгінде мектеп жанындағы 17 спорттық секциялар мен түрлі үйірмелерге 1273)оқушы қамтылып, жұмыстар жүргізілуде.

Мектепішілік Футбол, волейбол, баскетбол, стол теннисі, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ спорт үйірмелеріне мектептің 373 оқушысы қамтылған. Сонымен қатар, спорттық секцияларда шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі үйірмелерін сапалы жүргізу мақсатында 12 дана шахмат тақтасы, 22 дана тоғызқұмалақ тақтасы және замануи үстел теннисі бар. Мектептен тыс қосымша білім беру орталықтары, спорт клубтары, дарынды балаларға арналған спорт мектептері және тағы басқа үйірмелер бойынша 923оқушы қамтылуда. Қосымша білім беру бағытында атқарылған жұмыстар нәтижелі болып, бүгінде қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардан 102 оқушы жүлдегер қатарынан көрінді, – деді мектеп директоры.

Жиында Ерлан Теңізбайұлы жас өренді батыл, батыр болуға, Әлия Молдағұлованың ерлігін оларға үнемі айтып жүруді, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар мұғалімдердің сағат жүктемесі мәселесі талқыланды. Бөлім басшысы мектеп ұстаздарымен кері байланыс жасап,ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: