Бейсенбі, 26 желтоқсан, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Отбасы күнін атап өтті

12.09.2022

1222 0

«Отан – отбасынан басталады» деген ұлағатты сөздің мәнін айшықтайтын «Отбасы күні» мерекесі түрлі ұлт өкілдерінің құтты мекені – «Атамекен» отбасылық балалар ауылында ерекше аталып өтілді.

«Отбасы – ұлағат ұясы» тақырыбында өткізілген мерекелік шараға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет қатысып, тәрбиеленушілерді жылулық сыйлайтын бүгінгі айтулы күнмен құттықтады.

«Құрметті балалар, менің жас достарым! Сіздерді бүгінгі Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы бақыт пен шыттық ордасында өздеріңіз озық ойлы, білімді болсын деген ниетпен қазіргі таңда мемлекет тарапынан да, өңір тарапынан да барлық жағдай жасалуда. Бос уақыттарыңыздың тиімді болуы үшін осы жерде түрлі бағыттағы үйірмелер ұйымдастырылған. Мен апайларыңыздан Сіздердің жағдайларыңызды үнемі сұрап отырамын. Болашақта өздеріңізден үлкен үміт күтеміз. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, үлкен белестерге, жетістікке жете беріңіздер», – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Мерекелік шара аясында балалар үйінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Әр отбасының мүшелері қойылымдар қойып, ән айтып, көңілді би билеп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күнін атап өтеді. Бұл күн отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға және мәдени құндылықтарды, дәстүрлерді, рухани өмірді сақтауға арналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: