Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақтың рухына нәр берген – құдіретті күй

02.03.2022

1331 0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «100 күй» жобасы аясында «Домбыраң-мол мұраң» атты музыкалық сайыс ұйымдастырылды. Ұлттық өнерді ардақтаған оқушылар байқауда жан-жақты шығармашылығымен ерекшеленді.

7-сыныптар сынға түскен музыкалық байқауда «Күй атында тарих бар» кезеңінде қытысушылар кез келген бір күйдің атын топтарына қойып, оның шығу тарихымен таныстырды. Тақырып қылып 7 «А» сыныбы «Адай», 7 «В» сыныбы «Балбырауын», 7 «С» сыныбы «Нәр ағашы», 7 «D» сыныбы «Көңіл толқыны» күйлерін таңдады. Сол күйлерді орындап, тарихынан сыр шертті.

«Күйдің сырын ашайық» атты екінші бөлімде оқушылар тартылған бір күйді тыңдау арқылы өз ой-пікірлерін білдірді. Бұл тапсырмадан балалар күй тыңдауды үйреніп, әуенді шығарманың тәрбиелік мазмұнын аша түсті.

«Дәуір дидарындағы домбыра» айдарында оқушылар «Домбыра аспабын алдағы уақытта қандай даму мүмкіндіктері күтіп тұр?», «Қазақ күйлерін әлем деңгейіне қалай көтеруге болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, арнайы постер қорғады.

Әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін шығарып жеңімпаз топтарды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша 7 «D» сыныбының білім алушылары жүзден жүйрік шықса, екінші және үшінші орындарды 7 «С» мен «А» топтары бөлісті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: