Жұма, 05 шiлде, 23:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт ата университетінде Microsoft компаниясының өкілінің қатысуымен семинар өтті

31.05.2024

289 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Microsoft компаниясының ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабековтің қатысуымен «Қорқыт Ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өтті.
Оған университеттің басқарма мүшесі, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева, Стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмұт Томановпен университет оқытушылары қатысты.
Семинарда Данияр Жұмабеков цифрлық трансформацияның маңыздылығын түсіндіріп, университеттердегі цифрлық трансформацияның қазіргі заманғы білім беру процесіне қалай әсер ететінін көрсетті.
Microsoft AI құралдарын таныстырып, Microsoft Copilot құралдары арқылы жұмыс өнімділігін арттыру және процестерді оңтайландыру жолдарын айтты. Сонымен қатар, Microsoft AI құралдарының қолданылуы арқылы оқу процесін жақсарту, студенттердің білім алу деңгейін көтеру және әкімшілік жұмыстарды оңтайландыру жолдарын түсіндірді.
Мазмұнды семинар соңында қызметкерлерге практикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: