Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» атты республикалық байқауы өтеді

04.10.2024

135 0

«ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» атты республикалық патриоттық байқауын өткізу ережесі

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» атты республикалық патриоттық байқауына денсаулық сақтау саласының өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласында: «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» – деп атап өтті.

Осы ретте Тәуелсіздік жылдары еліміздегі денсаулық сақтау саласында адал еңбек етіп жүрген мамандарды, яғни өз ісінің майталмандарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға денсаулық сақтау саласының мамандарын қатысуға шақырамыз.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып және еңбек жолында жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса жіберуі қажет. Құжаттар astana_2024kz@mail.ru электронды почтасына 2024 жылдың қазан айының 5-не дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:

* Арнайы тағайындалған ҚР Денсаулық сақтау саласының

үздігі» атты төсбелгісі

* Төсбелгіні куәлендіретін куәлік

• Құрмет грамотасы

* ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі»

статуэткасы

•Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana_2024kz@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 687 71 62, +7 747 702 52 62, +7 707-142-74-40

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: