Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Құндылықтарымыз құлдырамасын» кітабы таныстырылды

17.09.2021

722 0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік хатшысы, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың «Құндылықтарымыз құлдырамасын» туындысы таныстырылды. Бас қосудың басты мақсаты автордың туындысын негізге ала отырып, тарихы тереңге тамырлаған ұлтымыздың құндылықтарын жастарға насихаттау. Жиынға қатысқандар Сыр топырағының перзенті Қ.Е.Көшербаевтың «Құндылықтарымыз құлдырамасын» кітабы туралы ой-пікір алмасты.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы маусым айында «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразында тұр» атты сұхбатында «Ұлттық құндылықтар болмаса, ақпарат, жасанды интеллект, машиналар мен роботтар әлемінде жұтылып кететініміз сөзсіз» деген болатын. Мемлекет басшысының толғанысқа толы ой-пікіріне белсене үн қосқан автордың келер заман көкжиегі туралы өзекті ой-пікірлері мен байыпты пайымдарының көзі қарақты оқырманды бей-жай қалдырмайтыны анық. Жастарға дұрыс тәрбие беру-болашақты бекемдеу мәселесі. Оларға ұлттық құндылықтарымыз арқылы жол көрсетер болсақ, елдiктi әлемдік өркениеттің алдыңғы легінде ұстар ұрпақтың жаңа буындары қалыңдай өсетiнi кепіл. Сол себептен де Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс», – деді жиын барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Б.С.Кәрімова

Бас қосуда философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Б.Қожамберлиев, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты У.Ибраев, университеттің ардагерлер кеңесінің

төрағасы, профессор Қ.Құдайбергенұлы, университет профессоры, техника ғылымдарының докторы С.Қошқаров, «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының академиялық доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Тұяқбаев тереңнен ой қозғады.

Сонымен қоса, Тәуелсіздік кезеңінде елдің руханиятына ғана емес, экономикасы мен әл-ауқатының өркендеуіне маңдай терін төккен ерен тұлғаның шығармашылығы жөнінде жетекші ғалым-профессорлар мен жас ғалымдар, студенттер де өз ойларын ортаға салды.

Жиынға қатысқандар ҚР мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың бұл еңбегін оқу орындарында оқытуға, ғылыми тақырыптар ретінде зерделеуге және тәрбие ісінде пайдалануға әбден лайықты деген баға берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: