Дүйсенбі, 25 қараша, 10:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Халқына қызмет еткен тұлға

23.02.2023

1038 0

Биыл түркі әлемінде «Жүргенов жылы» деп жарияланды. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 125 жылдығына орай Қызылорда қаласындағы Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп–лицейінде «Халқына қызмет еткен тұлға» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ол елдің жарқын болашағы үшін қазақ өнері мен білімін дамытуға үлкен үлес қосқан жан. Тағылымы мол өнегелі ғұмырын кейінгі өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау – басты міндет. Рухани шараға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық білім басқармасының басшысы М.Шермағанбет, «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы С.Аңсатов, Қорқыт ата университетінің оқытушы, профессор Айтжан Оразбахов, білім саласының қызметкерлері мен ғалымдар, ардагерлер және Темірбек Қараұлының туысқандары қатысты.

<strong>Халқына қызмет еткен тұлға</strong>

Шара барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, Алаштың аяулы ұлының өмір тарихынан оқушылар қойылым көрсетті. Т.Жүргеновтің қайраткерлік, қаламгерлік, азаматтық болмысы жайында ардагерлер мен ғалымдар ой-толғамдарын тарқатып айтып берді. Сондай-ақ, «Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор» төрағасы С.Аңсатов арда азамат туралы арнайы баяндама жасап, қайраткердің республика тарихында алар қоғамдық-саяси орны, қаламгерлік мұрасы, жас ұрпаққа берер өнегесі туралы кең ауқымда әңгімелеп, тың ұсынысын ортаға салды.

Конференцияда облыстық білім басқармасының басшысы ұлы тұлғаның оқу-ағарту саласындағы еңбегіне тоқталып, мерейтой аясында аймағымыздағы білім беру ұйымдарында көптеген іс-шаралар өтетіндігін жеткізді.

<strong>Халқына қызмет еткен тұлға</strong>

– Темірбек Қараұлы мектеп салу ісіне ерекше мән берді. Сол уақытта мемлекет есебінен 3 мыңдай, колхоздар қаржысымен мыңға жуық мектеп салдырды. Бір Алматының өзінде 18 мектепті іске қосып, күн-түн демей, құрылыстың басы-қасында өзі жүрді. Осы жерде Жүргенов еліміздегі жоғары мектеп жүйесін кеңейтуге де үлкен көңіл бөлгенін атап өтуіміз қажет, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Айта кетейік, конференция өткізілген №136 мектеп-лицейіне ұлы тұлғаның есімі 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 1998 жылы берілді. Бүгінде білім ордасында 2 мыңға жуық оқушы білім алуда.

Суретті түсірген Н.НҰРЖАУБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: