Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Талаптың мініп тұлпарын

15.02.2022

1642 0

Н.Ергешбаев атындағы №172 қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бану Досмаханованың ұйымдастыруымен «Өлең сөздің патшасы» тақырыбында 5-8 сынып оқушылары арасында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Жарысқа шығармашылыққа бейімі бар шәкірттер қатысып, ұлт зиялыларының шығармаларын жатқа оқып, өздерін жаңа қырларынан таныта білді.

Мектеп оқушылары байқауда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Шал мен ажал», «Егіннің бастары», «Анаға хат», Жамбыл Жабаевтың «Балаларға, «Сьезге», Мұқағали Мақатаевтың «Шеше, сен бақыттысың», «Фариза», «Үш бақытым» өлеңдерін жатқа оқыды.

Жарыс қорытындысы бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында Абылай Хамитұлы мен Назым Нұртай жеңімпаз атанды. Манас Махмұт, Сая Қосымбай екінші орынға лайық деп танылды. Үшінші орын Еңлік Жандосқызы, Нұркен Табиғатұлы, Ақнұр Ибрагимоваға бұйырды.

7-8 сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевқа арнау өлеңін оқыған Сүйінбай Жұмаділдаевқа І орын табысталды. ІІ орын Ақерке Айдос пен Айғаным Сүйінбайға берілді. ІІІ орынды Арайлым Бақтыбай, Нұрасыл Нұрланұлы, Елдос Тасболат иеленді.

– Мұндай байқау балалардың шығармашылық қырын ашып, тарихымызды танып өсуге үндейді. Жарысқа қатысып бақ сынаудың өзі оқушылар үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Мектебімізде республикалық, облыстық байқау жеңімпаздары көптеп шығуда. Бүгінгі жарыс соның бастамасы. Ендеше озат оқушылардың алар асуы алда. Біз соған сенеміз. Өнерлерің өрісті болсын, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жарқынай Құрманова.

                                                                                  Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: