Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҰБТ-2023: 200-ден астам талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды

16.06.2023

1076 0

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 169 мың реттен астам тест тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

ҰБТ басталғалы шекті балды 77% -дан астам талапкер жинады.

Орташа балға келетін болсақ, ол 69 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны еліміз бойынша үш талапкер жинаған. ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды. Талапкерлер тестілеудің екінші мүмкіндігін тапсырып жатыр.

«Осы аптада біз IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын «Ағылшын тілі» бойынша ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласын жарияладық. Сондай-ақ, SAT, ACT, IB, A- Level стандартталған тест балдары бекітілді. Осы сертификат иегерлеріне нәтижелерін ҰБТ балына конвертациялауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Айта кетейік, төрт аптаның ішінде ҰБТ-ға 486 ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 229 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: