Жаңа мектеп ғимараты өртке оранды. Оқиға Жамбыл облысында орын алған. ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
«Тараз қаласында 15 шағынауданында орналасқан жұмыс істемейтін үш қабатты жаңа мектептің ғимараты өртенді. Өрт сөндіру жасақтары келген сәтте бірінші қабаттан қалың түтін шығып жатты. Оқиға кезінде ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар, өз бетінше эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
ТЖМ күштері 80 шаршы алаңдағы өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!