Сейсенбі, 24 желтоқсан, 06:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні

28.07.2022

1187 0

Жыл сайын, 28 шілдеде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да халыққа гепатит түрлерінің қаупі туралы ақпарат беруді арттыруға және азаматтарды диагностика, вакцинация сияқты профилактикалық шаралар қабылдауға тартуға бағытталған Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні атап өтіледі.

Вирустық гепатит – әртүрлі вирустардан туындайтын жұқпалы аурулардың үлкен тобы, бауырдың зақымдануымен сипатталады, бірақ бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді.

А және Е гепатиті – вируспен ластанған азық-түлік пен су арқылы және тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамға жұғуы мүмкін. В және С гепатиті – қан арқылы, жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы ықтимал. В және С вирустық гепатиті құшақтасу, қол алысу, жөтел, түшкіру немесе қоғамдық бассейндерді немесе ұқсас объектілерді рекреациялық пайдалану арқылы берілмейді.D гепатиті – жекежұқпайды, ол тек В гепатитіменбіргедамиды.

Аталған барлық вирустар гепатитті тудырады. В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозына немесе бастапқы бауыр обырына әкеп соғуы мүмкін..

Ағымдағы жыл басынан бері өңірімізде жедел вирусты гепатитті жұқтырудың 6 жағдайы анықталды. Оның ішінде А түрімен – 3, В түрімен-2 және С түрімен – 1дерек тіркелді. Былтырғы жылмен салыстырғанда жедел вирусты гепатиттердің аурушаңдық көрсеткіші 5 жағдайға артқан. Былтыр көрсеткіштердің төмен болуы коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты енгізілген карантинтік шектеу шараларының болуымен байланысты деп болжанады. Өткен жылмен салыстырғанда алғаш рет анықталған созылмалы вирустық гепатит бойынша да сырқаттанушылық көрсекіштері артқан. 2021 жылы 10 жағдай тіркелген болса, 2022 жылдың 6 айында 15 дерек есепке алынды.

Вирустық гепатитті жұқтырудан бірнеше қарапайым ережелерді сақтай отырып, қауіп-қатерді төмендетуге болады. Ең алдымен, А және В гепатитіне қарсы егілу қажет. В гепатитіне қарсы моноекпе перзентханада және біріктірілген екпе түрінде  сәбидің 2, 4 айлығында барлығы 3 рет салынса,А түріне қарсы вакцина 2 жастағы балаға 2 рет жүргізіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша 7432 бала А гепатитіне қарсы вакцинацияның 1-турынан өтсе, оның 83% 2-турымен қамтылды. 9302 бала және 37 ересек азамат (медицина саласының қызметкерлері-27, рецепиенттер-10) В гепатитіне қарсы иммундаудан өтті.

Микроскопиялық мөлшердегі қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақ алатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды басқалармен ортақ қолданбау керек. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған және жөнсіз жыныстық қатынастан аулақ болған жөн.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен В және С гепатитімен күресу бағытында донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықтардың қауіпсіздігі үнемі бақыланады. А және Е гепатиттерінің алдын алу бағытында сапалы таза су ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізу қажеттігі жөнінде  санитариялық-ағарту, түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті гепатиттің алдын алып, асқынуларға жол бермей, жеке бас гигиенасын, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды орындап, медициналық тексерулерден уақытылы өтіп тұруға кеңес береді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: