Сейсенбі, 24 желтоқсан, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аскаридоз: сақтық шаралары қарапайым

23.02.2024

602 0

Аскаридоз – бұл гельминтоздар тобындағы нематодтар (дөңгелек құрттар) – аскаридтер тудыратын ауру. Аталған дерт адамның асқазан-ішек жолындағы жыныстық жетілген гельминттердің паразитизациясымен сипатталады, тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және аллергиялық реакциялармен бірге жүреді. Аскаридтер барлық жерде кездеседі. Аурудың негізгі көзі – науқас адам, ол нәжіспен бірге сыртқы ортаға аскарид жұмыртқаларын шығарады, нәтижесінде қолайлы жағдайларда олар жетіліп, олардың ішінде жетілген құрттар пайда бола бастайды.

2023 жылы Қызылорда облысында аскаридоздың 4 жағдайы анықталды, оның ішінде 3 дерек 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 1 дерек жасөспірімдер арасында анықталды. Аскаридоздың барлық жағдайы зертханалық жолмен, капровоскопиялық әдіспен нақтыланған.  Науқастармен байланыста болған адамдар медициналық бақылаумен қамтылды.

Көп жағдайда аурудың негізгі себебі жеке бас гигиенасы қағидаларын бұзу болып табылады. Жуылмаған көкөністер мен жемістерді тұтынған кезде аскарид жұмыртқасы ағзаға енеді, одан құрттар жетіліп шығады, ол бүкіл денеге қан тамырлары арқылы таралады. Әрі қарай инфекцияның қайталама фазасы пайда болады және аскаридтердің ішек пен бүкіл денеде үздіксіз қозғалу циклі басталады.

Аскаридоздың белгілері түшкіру, жөтел, терідегі бөртпелер, сондай-ақ мұрын мен тыныс жолдарының қышуы арқылы байқалуы мүмкін.

Аскаридоздың асқынуларына ішектің бітелуі, перитонит, аппендицит, холангит, гепатит, механикалық сарғаю, панкреатит және іш қуысының абсцесі жатады.

Аскаридоздың алдын алу, ең алдымен, жеке бас гигиенасының қарапайым қағидаларын сақтау болып табылады. Олар: тамақтанар алдында қолды сабындап жуу және жаңа піскен көкөністер мен жемістерді тұтынбас бұрын мұқият жуу. Сырқаттанушылықты болдырмаудың маңызды бөлімі топырақты нәжіспен ластанудан қорғау үшін елді мекендерді санитариялық абаттандыру болып табылады. Ата-аналар балаларын үнемі көзден таса қылмай,  қадағалап, аузына лас заттарды, топырақты, құмды және т.б. заттарды салуға жол бермеуі керек. Бұлсақтық шаралары қарапайым, дегенмен аурудың алдын алуда маңызды болып табылады. Оларды бұлжытпай орындау арқылы аскаридтердің ағзаға түсуінен қорғана аласыз.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті

басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: