Жұма, 30 шiлде, 03:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (1761)
26.07.2021
PDF мұрағаты

16.30-ға дейін Қызылордада 69 адам екпе салдырды

01.02.2021

366 0

Бүгін «Covid-19» инфекциясына қарсы ерікті түрде вакцина егу жұмыстары басталды. Ең алдымен І кезеңде медицина қызметкерлеріне салынуда. Кейінгі кезекте мұғалімдер, жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары болатын қызметкерлерге салынбақ. Жалпы вакцинациялаудың бірінші күні қалай өткені жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Облыстың бас дәрігері Сәбит Бексейітұлы бүгінгі таңда өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілгенін айтты. Қалған доза кезең-кезеңімен жеткізілмек. Екпе жұмыстарын жүргізуге қалалық №1, №3 және №6 қалалық емханалардан 3 егу кабинеті дайындалған. Ал екпе жұмыстарын жүргізуге облыс бойынша барлығы 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Сәбит Пазыловтың айтуынша, 16.30-ға дейін Қызылордада 69 адам екпе салдырған

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өзі ерікті түрде екпе ектіргенін және өзгелерді екпе салдыруға шақыратынын жеткізді.

Ал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Олжабайқызы аталған вакцина қаңтар айында Байқоңыр қаласының 900 тұрғынына салынғанын мәлімдеді. Аймақтың бас дәрігері сонымен қатар екпе салдырған адам алғашқы 30 минут дәрігер бақылауында, 3 күн аймақтық дәрігер бақылауында болатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ брифинг барысында вакцинаны салдыру ережелері туралы тоқталды. Мәселен, «Спутник V» вакцинасын 18-65 жас аралығындағы адамдарға салынады. Сондай-ақ соңғы 6 айда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға екпе салдыруға болмайды. С.Бексейітұлы ең алдымен вакцина медицина қызметкерлеріне салынатынын ескертті, кейін ерікті түрде вакцина салдыруға болады деді. Сонымен қатар вакцина 35 күннен кейін әсер ететіні айтылды. Сол себептен вакцинациядан кейін де санитарлық талаптарды сақтану қажет.

«Ақмешіт-ақпарат»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: